Мазмұнға өту
yerlan_iskakov

Ерлан Искаков

@yerlan_iskakov

Сайтта 2016 ж. 29 қазанКазахстан, Алматы

Мысли, заметки, факты и наблюдения для всех, кто интересуется историей (отечественной и зарубежной, новой и новейшей), международными отношениями, а также теорией и практикой перевода.

рейтинг

250

жазбалар

74

пікірлер

72

тіркелуші

14

жазылымдар

0

Әліпбиді өзгертпесе, болашақ жоқ па?

Елбасының сананы жаңғырту туралы көлемді мақаласы шыққалы бері бір аптадан көп уақыт өтсе де, әлі күнге дейін қызу талқыланып келе жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты өз ойымды тағы да білдірейін деп едім.Мен осы платформада аталған мәселеге байланысты қазақ және орыс тілдерінде өз пікірімді бұрын да білдіргем.Мен адастым ба, әлде әліпбиді өзгертпесе, болашақ жоқ па?Мен көрші елдің тыңшысы емеспін, ел мүддесіне қарсы шыққандардың өкілі емеспін. Алайда, өзім өмір бойы қолданып келген, бойыма сіңген жазу жүйесі бір күнде бізге жат жүйеге айналғандай болды. Бұл (кириллица) біздің жаңаруымызға кедергі жасайтын жүйе екен-ді...Өткен жетпіс жылды былай қойып, соңғы жиырма бес жыл бойы латын графикасын қолданбаған халық елбасы мақаласынан кейін бір-ақ күнде «дұрыс, қолдаймыз» деп бірде…

1
1
640

Do I prefer латиница? Қазақшаңыз қалай?

К вопросу о том, что давно пора перевести казахский алфавит на латинскую графику. Сегодня есть повод снова выразить свою позицию. Или qazaq qazaqqa latynsha zhazsyn (давайте писать латиницей)... Много комментариев о том, что это правильное и давно назревшее решение, только вот таких комментариев сегодня много после информационного повода из Акорды. Латын графикасын қолдайтындар бірізділік танытып, мәтіндерін бұдан былай тек жаңа қаріппен жазса бола ма екен? Әлде түбінде үкіметтің қаулысы қажет пе? Тіл адамдыкі – ыңғайлы болса, латынша жазуға не кедергі? Почему привыкание, адаптация и переход должны проходить после программных статей? Для того чтобы мы друг другу писали на казахском, используя латинские буквы, гос. программы и постановления ukimet не нужны – мой родной язык принадлежит мне…

Көшбасшылар не демейді... халық есінде не қалады?

Байқап қарасаңыз, көрнекті мемлекет қайраткерлері мен ел басқарған тұлғалардың артында жетістіктер туралы естеліктер, түрлі мақсаттарда салынған көзге көрінетін үлкенді-кішілі нысандар мен ескерткіштерге қоса олардың айтқан сөздері де қалады. Кейде саясаткердің нақты істеріне қарағанда халық есінде оның айтқан сөздерінің ғана жақсы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа таралатын кездер болады. Нақыл (қанатты) сөздермен қатар, билік басындағылардың сөз сөйлеген кезде жіберген қателіктері мен жағымсыз әсер қалдырған сөздерінің тез таралып, кеңінен пайдаланылатыны да анық. «Жаманат жатпайды, жақсылық жетпейді» деген мақалды саясаткерлердің айтқан сөздеріне де қатысты деп айтсақ болатын шығар: елбасының сөз саптауына бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаттанушылар ғана емес, қарапайым халықтың да мезгіл…

0
0
599

Бюджет, ұлттық пантеон және Мысыр пирамидалары жайында

Кеше Астана маңында салынатын Ұлттық пантеон (Қазақстанның аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері қойылатын қабір) құрылысына 2017-2019 жылдар аралығында 1,7 млрд теңге бөлінеді деген жаңалық оқыдым.Қаражат құрылыстың жобалық құжаттамасын даярлауға жұмсалады деп түсіндім. Шындығында да, аталған сомаға құрылысы 100 жылға созылуы мүмкін алып ғимараттар кешенін салу мүмкін емес шығар.Өз басым осындай пантеонның салынуын мынадай бір үмітпен ғана қуана қолдайтын едім – егер жүз жылдан кейін Астанаға мысырлық пирамидалардың қазақстандық нұсқасы сынды өз жеріміздегі тарихи ескерткішті тамашалау үшін әлемнің түпкір-түпкірінен миллиондаған саяхатшылар келсе!Көз бен құлақ үйренгендей, түрлі көрмелерге, форумдарға, спорттық іс-шараларға жылдың бір кезеңінде ғана емес, елдің тарихы және мәден…

1
1
2674

Америка, Жапония және Иран: есте қалған ерекше бейнелер

Аталған үш елге жасалған сапарлардан қалған естеліктердің мен үшін орны бөлек. Сол сапарлар кезінде түсірілген суреттердің кейбіреулерімен бөліскім келді. Оқырмандар ерекше әсер мен жаңа да қызықты ақпарат алады деген үміттемін. «Вестерманн үстелі», 1966. Смитсон мұражайының жәдігері, Вашингтон Не туралы: заңдар жазылған кітаптарды үстел бетіне бұрандамен мықтап бастырып қойған (әскерилер мен өтірікші саясаткерлер қыспағындағы елді білдіреді) – ашу-ызадан қаны қайнаған көзі ашық, білімді адамның сюрреалисттік бейнесі. Холокост құрбандарының құрметіне қойылған ескерткіш, Бостон Шыныдан жасалған алты мұнара нацисттер салған ең үлкен алты өлім лагерін (Майданек, Хелмно, Собибор, Треблинка, Белжец, Освенцим), Холокост орын алған алты жылды және оның құрбандары болған алты миллион еврейді білд…

1
1
2514

Ағылшын мәтелдерінің дені Інжілден, қазақтікі қандай?

Орысша-ағылшынша ауызша аударма курстарына менімен бірге қатысқан танысым бірде сабаққа өзімен бірге қызын ертіп келді. Қыз артқы партадан біздің орысша айтылған сөз тіркестерін ағылшын тіліне аударудан түрлі жаттығуларды орындағанымызды тыныш бақылап отырды.Жаттығудың кезекті күні аяқталғаннан кейін әкесі қызын оқытушымен таныстырды. Қыз оқытушыға жаттығулардың ішінде Інжілден алынған біраз мысалды байқағанын айтты.Сырттан келген адамның көзіне түскен осы бір жайтты мен сол кезде аңғармаппын. Қыздың байқағаны түбінде рас болып шықты. Бұған аудармашыларға арналған көптеген жинақтар (мысалы, John Bartlett. Familiar Quotations), сөздіктер мен оқулықтар дәлел бола алады.Ағылшын тіліндегі жалпыға танымал әрі жиі қолданылатын мәтелдер мен қанатты сөздердің басым көпшілігі Інжіл мен Шекспирдің…

0
0
2455

Латын алфавитіне көшу жайында

Бұрыннан талқыланып келе жатқан бұл мәселе төңірегінде кеше Фейсбук әлеуметтік желісінде танымал автор Қанат Тасыбеков пен басқа да желі ішіндегі "достармен" ұзақ пікір-талас болды. Мен латын графикасына көшу қажеттілігін түсінбейтін, қолдамайтындардың қатарындамын. Мені, алайда, қарсылас деп атау артық болатын шығар. Осы уақытқа дейін негізінен жеке пікірлер, мақалалар мен мәселені бір ғана қырынан талқылау сынды ой-ұстанымдарды кездестірудемін. Жан-жақты зерттеліп, жүйелі әрі түсінікті етіп жазылған кешенді талдауды көрмеппін. Бұл өзі тіл мамандары мен шенеуніктер қарауындағы және тек солардың ұйғарымымен ғана талқыланып, шешілетін мәселе сияқты. Айтарым: әлі де болса өз пікірімде қалдым – латын алфавитіне көшуді қолдап, ұстанымын басқаларға жеткізуге тырысқандардың еңбегін құрметтеймін…

1
0
972

Тағы бір Үндеуге үңілсек

Ел басқарған тұлғаға қарап, маңызды саяси мәлімдеме жасайтынын күтесің. Сонда жолдауын саясатқа емес, ұнатпайтын тағамына арнағанын көргенде, қалай таңданбайсың...

Мына бір бейнежазбаға назар салсаңыз: бұл - АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Дж.Буштың Ақ Үйдегі баспасөз конференциясынан үзінді.

Сондағы айтқаны:

«Бұл менің брокколи жайлы ақырғы мәлімдемем болмақ. Дәл осы сәтте брокколи толған жүк көліктері Вашингтонға бағыт алды.

Үйімде осы мәселеге қатысты келіспеушілік туындады. Өз басым брокколи көкөнісін ұнатпаймын.

Тіпті бала кезімнен жек көремін. Анам болса, маған оны күштеп жегізетін. Енді Құрама Штаттардың президенті ретінде айтарым – бұдан былай брокколиді аузыма да алмаймын!»

0
0
382

Кешегі Үндеуге үңілсек

Мен туралы бір ауыз сөз айтылама деп едім, қап...!

Бір қызығы, ел үшін маңызды мәселе туралы мәлімдемеде сол "ел, халық, мемлекет болашағы, тұрақты даму және т.с.с." ұғымдар не мүлде жоқ, не "екінші планға" ысырылып тасталған сияқты.

Жоғарыдағы суретте мәлімдеме мәтінінде қандай түйін сөздердің/негізгі ұғымдардың ең көп айтылғаны көрсетілген. Бұл сіз бен біз туралы емес, бұл БИЛІК, ҮКІМЕТ, ПАРЛАМЕНТ, ӨКІЛЕТТІЛІКТЕР жайында.

Үндеудің тақырыбын ескеріп, басқаша болуы мүмкін емес десеңіз де, көңіл аударарлық жайт сияқты.

Биліктен шығатын хабарламаларды талдаудың ең қызық кезеңінің келгеніне біраз уақыт болған сияқты - көзделген мақсат пен пайдаланылған сөздердің артында не тұр?

0
0
338