ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Америка, Жапония және Иран: есте қалған ерекше бейнелер

Аталған үш елге жасалған сапарлардан қалған естеліктердің мен үшін орны бөлек.

Сол сапарлар кезінде түсірілген суреттердің кейбіреулерімен бөліскім келді. Оқырмандар ерекше әсер мен жаңа да қызықты ақпарат алады деген үміттемін.

«Вестерманн үстелі», 1966. Смитсон мұражайының жәдігері, Вашингтон

Не туралы: заңдар жазылған кітаптарды үстел бетіне бұрандамен мықтап бастырып қойған (әскерилер мен өтірікші саясаткерлер қыспағындағы елді білдіреді) – ашу-ызадан қаны қайнаған көзі ашық, білімді адамның сюрреалисттік бейнесі.

 

Холокост құрбандарының құрметіне қойылған ескерткіш, Бостон

Шыныдан жасалған алты мұнара нацисттер салған ең үлкен алты өлім лагерін (Майданек, Хелмно, Собибор, Треблинка, Белжец, Освенцим), Холокост орын алған алты жылды және оның құрбандары болған алты миллион еврейді білдіреді. Мұнара астындағы темір торлардан шығып тұрған бу концентрациялық лагерьлердің пештерін еске түсіреді.

Тастан кесілген мемориалдық тақтаға протестант дін қызметшісі болған Мартин Нимеллердің танымал сөздері жазылған:

«Алдымен олар коммунисттерді алып кетті, бұған қарап мен ештеңе айтпадым, өйткені мен коммунист емес едім.

Содан кейін олар еврейлерді алып кетті, бұған қарап мен ештеңе айтпадым, өйткені мен еврей емес едім.

Содан кейін олар кәсіподақтардың мүшелерін алып кетті, бұған қарап мен ештеңе айтпадым, өйткені мен кәсіподаққа мүше болмадым.

Содан кейін олар католиктерді алып кетті, бұған қарап мен ештеңе айтпадым, өйткені мен протестант едім.

Олар мені алып кетуге келген кезде, сөз айтатын ешкім қалмады».

 

Инженер Джозеф Страусс және Алтын қақпа көпірі (1937 жылы ашылған), Сан-Франциско


 

Джек Николсонның галереядағы суреті

Сүйікті американдық актерлердің бірі.

 

Бостандық статуясы


Орталық саябақ, Нью-Йорк


Лос-Анджелестегі көлік тұрақтарының бірінде түсірілген сурет


Такси жүргізушісі, Лос-Анджелес

Бұл бос уақытында жолаушы тасымалдап күн көретін американдық актер Алекс Сол екен. Қасымда болған досым оны «Американская история Х» фильмінде сомдаған ролінен таныды. Ал мен болсам, Алексті кейін «Доктор Хаус» сериалынан көрдім.

 

Амарнада табылған қыш тақтаға басылған сына жазу, Метрополитен мұражайы, Нью-Йорк

Жазбаша аударманың бізге жеткен алғашқы жазба ескерткіштері – Ежелгі Мысыр мен Таяу Шығыс мемлекеттері билеушілерінің арасындағы дипломатиялық хат алмасу (Амарна хаттары). Суретте сондай тақтайшалардың бірі көрсетілген (б.з.д. 14 ғасыр). Хатта Вавилон патшасы Бурнабуриаш II-нің қызы мен Мысыр перғауыны Аменхотеп IV (Эхнатон) арасындағы болашақ неке туралы сөз болады: Вавилон патшасы келінді алып кетуге Мысырдан небәрі бес-ақ атты арбаның жіберілгеніне қатты алаңдағанын жазады – мысырлықтардың көрсеткен осындай «құрметін» вавилондық патша өз мәртебесіне сай келмейтінін айтады. Бурнабуриаш қызының болашағы, әл-ауқатымен қатар өзінің халықаралық абыройын да ойлауға мәжбүр (ел не дейді?!).

 

Токио қаласындағы Асакуса фестивалінің қатысушылары

Суретте Токионың Асакуса атты ауданында орналасқан Сенсо-дзи ғибадатханасы маңында өтетін фестивальге қатысқалы жатқан дәстүрлі жапон киімін киген әйелдер көрсетілген.

 

Сыра және тіскебасар

Сегізаяқ қармауыштарының ұштары мен езілген ақжелкек.

 

Дәстүрлі қуыршақтар

 


Екеуіміз ғана

 


Жерасты велосипед тұрағы

 


Бізге лекция оқыған ақсақалдың аты Такеши Мураками!

Харуки Китано деген жапондықтарды кездестірмедім…

 

Полковник Сандерс

Мұнда KFC-дің танымал бейнесіне айналған адам да жапондыққа, мысалы Синдзо Абэге, ұқсайтын сияқты

 

Капсула – бір адамдық ұйықтайтын орын (қонақ үйде)

 

Токио метросында

Жапондықтардың көбісі өз ұялы телефондарына түрлі әшекейлер мен салпыншақтарды іліп қойғанды ұнатады.

 

Мұражай кіреберісі

 

Тойода: әкесі мен баласы

Әкесі тоқыма станоктарын шығарып байыған, ал баласы өмірін автокөлік жасаумен байланыстырды

 

Тойота тоқыма станогы


Модель АА

Ең алғашқы Тойота жеңіл автокөлігі (1936)

 

Тойота роботы


Саябақта


Алтын павильон, Киото


Суретті тамашалаңыз


Бейбітшілік мұражайы, Тегеран

Мұражайда 1980-1988 жж. Иран мен Ирак арасындағы соғыс туралы біраз ақпарат алуға болады. Мұражай қызметкерінің әңгімесін маған аударып тұрған ирандық досым кенет көзіне жас алып, бетін алақанымен жауып, тұрып қалды. Соғысқа қатысып, өмір бойына мүгедек болып қалған студенттік кезіндегі бір досы еске түскен сәт екен.

 

Базар, Тегеран


Тегеранның биік мұнарадан қарағандағы көріністері


Милад мұнарасы маңындағы Фирдоуси ескерткіші, Тегеран


Голестан сарайы

Тақ залы


Ирандық риал

Мен барған 2014 жылы 5 170 000 риал шамамен 200 АҚШ долларына тең болатын. Санауға ыңғайлы болу үшін, күнделікті өмірде ирандықтар "томан" деген есеп бірлігін қолданады. Бір томан = 10 риал. Дүкен иесінің сізге 13 000 томан төлеңіз дегені, сізден 130 000 риал сұрап тұрғанын білдіреді.

 

Тегеран

Қала ғимарттарын безендірудің кең таралған түрі – граффити. 1980-88 жылдардағы соғыста ерлік көрсеткен жауынгерлердің суреттері көп кездеседі.

 

Имам Хомейни және оның ұлы жатқан мазар

 

Исфаханда (төмендегі суреттер)

Иранға Исфаханды ғана көру үшін баруға тұрарлық

 

Сиосипол көпірі (33 аркалы көпір)


Хаджу көпірі


Чехель Сотун сарайы (Қырық бағаналы сарай)


Имам алаңы (Нақш-е Джаһан алаңы)


Имам мешіті (Шах мешіті)


Шеберлер (төмендегі суреттер)


 

Суреттерді тамашалаңыз