Мазмұнға өту
yerlan_iskakov

Ерлан Искаков

@yerlan_iskakov

Сайтта 2016 ж. 29 қазанКазахстан, Алматы

Мысли, заметки, факты и наблюдения для всех, кто интересуется историей (отечественной и зарубежной, новой и новейшей), международными отношениями, а также теорией и практикой перевода.

рейтинг

250

жазбалар

74

пікірлер

72

тіркелуші

14

жазылымдар

0

Есте қалған, қалмағанның (әзірше) соңғысы

Осы тақырыптағы бұрын жарияланған жазбаларға жаңа қосымша. Осы жолы суреттерге өзім ойлап тапқан «ерекше түсіндірмелерді» жазуға уақыт болған жоқ. Бұл осындай мазмұндағы соңғы жазбам болатын сияқты. Неге дейсіз ғой? Біріншіден, «сәйкессіздіктерге» толы материалдар таусылған ды, екіншіден – осыларға ұқсас хабарламаларды одан әрі іздеп, жариялаудың арты өзіме қарсы сот ісінің қозғалуымен аяқталатынынан қорқамын (қалжың болса да, бұл туралы жазбаның соңында сөз болады). Осы «сәйкессіздіктердің» барлығын қазіргі болмысты белгілі дәрежеде бұрмалайтын карикатура деп айқындаса болатын шығар. Біреудің көңілінен шықпаған карикатураның біраз әбігерге түсіретін қабілеті бар екендігін жақында өзіміз естіп-көрдік. Осы ретте аты әлемге танымал даниялық суретші-карикатурашы Херлуф Бидструптың өзінің шығ…

0
0
618

«Есте қалған, қалмағанның» жалғасы (Қазақстан және әлем, 2016)

Осы тақырыптағы бұрын жарияланған жазбаға жаңа қосымша. 2016: АҚШ президенттік сайлауы. Обаманың Ақ үйден кеткеннен кейін жұмыссыз қалуы екіталай...(жоғарыда Алматы аялдамаларының бірінде ілініп тұрған хабарландыру суреті көрсетілген). Естеріңізде болса, Ұлыбританияның бұрынғы үкімет басшысы Тони Блэр премьерліктен босағаннан кейін Қазақстан Президентінің кеңесшісі болған, ал Құрама Штаттардың «қазіргі-бұрынғы» басшысы елімізде өзінің шағын бизнесін ашып, нағыз сұранысқа ие әрі қажет іспен айналысуға бел байлаған көрінеді! Техникалық ақау салдарынан суреттері мен тақырыптары бір-біріне сәйкес келмейтін хабарламалардың тағы бір топтамасы (қазақша түсіндірмелерді өзім жаздым, оқырмандардың басқа әсер алуына, өзгеше ой-пікір қалыптастыруына тыйым салынбайды!): Вирус ауа ғана емес, әлеуметтік…

0
0
464

2016 жыл: есте қалған, қалмаған (Қазақстан)

Жаңа 2017 жыл қарсаңында өткен он екі айды қорытындылап, жылдың маңызды оқиғаларын еске алудамыз. Сол болған оқиғалар мен қол жеткізілген/жеткізілмеген нақты нәтижелерді емес, алған әсерлер мен қалыптасқан пікірлердің ең маңыздыларын саралап өтсе ғой. Бастан өткенді, көрген-білгенді бір ауыз сөзбен ғана сипаттап бере алатын шеберлер бар. Толық талдау жасауға тырыспадым, шұғыл іздеп тапқан материалдарымның ішінде былтырғы жылға қатысы бар төмендегідей суреттер, жаңалықтар мен басқа да өзекті хабарлар жиналып қалыпты. Осыларды көріп, ой өрісінен өткізген әрбір оқырман өзіндік тұжырымдар жасайды және әсер алады деген үміттемін. 2016: техникалық ақау. Электрондық поштама келіп түскен орыс тіліндегі бірнеше жаңалықтар топтамасындағы тақырыптар мен оларға қоса берілген суреттер бір-біріне сәйке…

0
0
595

«Оңайдың» жолы ауыр

Жақында бір досымның Алматыда жыл басынан бері қолданылып жүрген Оңай бірегей көлік картасы туралы Фейсбуктегі жазбасын көріп, ақыры өз ойымды білдіргім келді. Осы картаны қолданып жүрген алматылықтар мені түсінетін шығар, үндемесең тағы болмайды, өйткені кейде өзіңді әлдебіреудің қала тұрғындарына қатысты шала жоспарланып іске асырылған сынақ тәжірибесінің еріксіз қатысушысы ретінде сезінесің... Оңайды жарты жылдан артық уақыт қолданып жүрмін – өзіме ұнайды, өте ыңғайлы. Шетелде болғам, өзге елдің метро, автобус және басқа да қоғамдық көлік түрлерінде пайдаланылатын төлем әдістерінен хабардармын. Алайда, туған қаламда биыл енгізілген аталған жаңа жүйені ескілік пен жаңалықтың бір қисынсыз туындысы десе болады – ескі әдіс-амалдардан дұрыс құтыла алмағандығымыз өз алдына, жаңалықтың ойдағы…

0
0
417

«Біз білмейтін» тұңғыш президент

Кеше ғана «бүкіл ел болып» Тұңғыш Президент күнін атап өттік. Теледидардан да «президент» сөзі әдеттегіден жиі естіліп тұрды. Мемлекетіміз үшін президенттік билік институтының басқа елдермен салыстырғанда едәуір жас екендігі белгілі, соған қарамастан Қазақстанда «президенттер» көп-ақ. Есіңізге түсіріп көріңізші, достарыңыз бен әріптестеріңіздің арасында нағыз президенттер бар шығар; мүмкін өзіңіз де президент қызметін атқарып жүргендердің біреуі боларсыз ?! Бізде президенттер жетекшілік ететін университеттер, компаниялар, акционерлік қоғамдар мен басқа да түрлі ұйымдар бар емес пе... Осы ретте Беларусь басшысы А.Лукашенконың кезінде елде «президент» сөзін тек мемлекет басшысы лауазымына қатысты пайдалану туралы бастамасы еске түсті. Бұған қоса, әлемдегі ең алғашқы президент кім болған дег…

0
0
1019

Енді өзгертпесе болмас: Qazaqstan?!

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында ел атауын ағылшын тілінде Kazakhstan емес, "q" әріпімен Qazaqstan деп жазу туралы ұсынысы бұрын да біраз талқыға салынған бұл мәселеге тағы да қоғам назарын аудартты. Мемлекеттің аты шет тілінде дұрыс жазылу керектігіне ешкім күмән келтірмес, алайда бұл мәселенің дәл осы кезеңде тағы да "жаңалық" бола қалғанын мен түсінбедім. Ел атын басқа тілде дұрыс жазсақ, еліміздің ұлттық негізі дұрыс көрсетіледі, болашығымыз жарқын болады және т.с.с. дәйектерді де сөзсіз қабылдауға асықпадым. Мен үшін ең маңыздысы - еліміз атын ең алдымен қазақ тілінде дұрыс жазу, жалпы елдің тарихы мен бүгінгісіне, мәдениетіне, саясатына және басқа да салаларына қатысты барлық мәтіндердің бізді қоршаған ақпараттық кеңістікте қатесіз жазылуы, айтылуы, кеңінен қолданылуы.…

0
0
554

Ұмытылған сөздердің жаңа тынысы

Ана тілі мен оқып жүрген шет тілінің (тілдердің) сөздік қорын молайтудың ең тиімді әдістері қандай? Осы сұрақты тіл мамандарына, тіл үйреніп жүрген әріптестеріңіз бен достарыңызға қойғанда, тіпті интернеттегі шексіз көп форумдар мен арнайы ресурстар көмегіне жүгінген кезде алуан түрлі әдіс-амалдар туралы хабардар болатыныңыз сөзсіз.Өзім танитын ауызша аударма саласының танымал бір маманы тілді әрі аудармашы кәсібін жетік меңгергісі келетіндерге мынадай маңызды кеңес береді:- сөздердің сөздіктегі бірінші көрсетілген мағынасын ғана есте сақтап, оны орынды-орынсыз пайдаланудан сақ болыңыз;- сіз іздеген сөзге арналған сөздіктегі мақаланы ерінбей соңына дейін оқып шығып, сөздің басқа қандай мағыналарда пайдаланылатынына назар аударыңыз;- әсіресе сөздің бұрыннан бейтаныс әрі айрықша мағыналарын…

1
0
725

Тылсым күштердің әлемдік саясатқа тигізетін әсері бар ма?

Реалисттер мен оларға жақын халықаралық қатынастар саласының мамандары бұл сұраққа «жоқ» деп жауап беретіні анық. Сарапшылар әлемдік саясаттың дамуын мемлекеттердің нақты мүдделері мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген ұмтылыстары айқындайды деп сенеді. Мемлекет басшыларының жеке мінез-құлық ерекшеліктері, наным-сенімдері мен тылсым күштердің әсері әдетте есепке алынбайды.АҚШ пен Филиппин қарым-қатынастарының соңғы кезде шиеленісе түскені белгілі. Алайда олардың қалпына келіп, жақсаруына Жаратқанның өзі тікелей ықпал ететін сияқты.Филиппиннің жаңа президенті Родриго Дутертенің шатақ мінезі мен балағат сөзді көп айтатыны туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары жиі жазады. Оның халық алдында сөйлеген бір сөзінде Барак Обамаға «иттің баласы» деп тіл тигізгені туралы естіген бол…

0
1
442