Кешегі Үндеуге үңілсек

Мен туралы бір ауыз сөз айтылама деп едім, қап...!
Бір қызығы, ел үшін маңызды мәселе туралы мәлімдемеде сол "ел, халық, мемлекет болашағы, тұрақты даму және т.с.с." ұғымдар не мүлде жоқ, не "екінші планға" ысырылып тасталған сияқты.
Жоғарыдағы суретте мәлімдеме мәтінінде қандай түйін сөздердің/негізгі ұғымдардың ең көп айтылғаны көрсетілген. Бұл сіз бен біз туралы емес, бұл БИЛІК, ҮКІМЕТ, ПАРЛАМЕНТ, ӨКІЛЕТТІЛІКТЕР жайында.
Үндеудің тақырыбын ескеріп, басқаша болуы мүмкін емес десеңіз де, көңіл аударарлық жайт сияқты.
Биліктен шығатын хабарламаларды талдаудың ең қызық кезеңінің келгеніне біраз уақыт болған сияқты - көзделген мақсат пен пайдаланылған сөздердің артында не тұр?
