2016 жыл: есте қалған, қалмаған (Қазақстан)

Жаңа 2017 жыл қарсаңында өткен он екі айды қорытындылап, жылдың маңызды оқиғаларын еске алудамыз.
Сол болған оқиғалар мен қол жеткізілген/жеткізілмеген нақты нәтижелерді емес, алған әсерлер мен қалыптасқан пікірлердің ең маңыздыларын саралап өтсе ғой.
Бастан өткенді, көрген-білгенді бір ауыз сөзбен ғана сипаттап бере алатын шеберлер бар. Толық талдау жасауға тырыспадым, шұғыл іздеп тапқан материалдарымның ішінде былтырғы жылға қатысы бар төмендегідей суреттер, жаңалықтар мен басқа да өзекті хабарлар жиналып қалыпты.
Осыларды көріп, ой өрісінен өткізген әрбір оқырман өзіндік тұжырымдар жасайды және әсер алады деген үміттемін.
2016: техникалық ақау. Электрондық поштама келіп түскен орыс тіліндегі бірнеше жаңалықтар топтамасындағы тақырыптар мен оларға қоса берілген суреттер бір-біріне сәйкес келмей көрсетілген (мен әдейі өзгерткен жоқпын, өзі осылай болып тұр).


















2016: парламент сайлауы. КТК жаңалықтарынан алынған хабарлама:
Шымкент қаласының перинаталдық орталығында босанған әйелдер сайлау бюллетендерін толғақ үстінде толтырып, дауыс берген екен, ал Семей қаласының зейнеткерлері сайлау учаскелеріне сол жердегі жәрмеңкелерден арзан жеміс-жидек алу үшін келіпті!
2016: аудармашыларға арналған оқулықтан сәл өзгертіліп алынған, алайда өзектілігін жоғалтпаған мысалдар:
Troubled economic times put tenge on a rollercoaster ride / Из-за экономических передряг тенге швыряет, как на американских горках / Елдің экономикалық жағдайы мүшкіл, салдарынан теңгенің де халі мәз емес.
Employers are likely to remain cautious about adding to their payroll / Работодатели, по всей вероятности, и дальше с осторожностью будут расширять штаты / Жұмыс берушілер бұдан былай қызметкерлер санын қысқартпаса, арттырмайтын сияқты.
Every country, of course, is free to wrap itself in its favorite self-delusions / Каждая страна, естественно, имеет полное право на самообман... / Әр елдің кейде болмас қиялдарға бой алдыруы заңды құбылыс...
Жаңа жыл құтты болсын!
