Қызықты «аударма» (ағылшынша-орысша-қазақша) 2

Ағылшын тілінде to cost an arm and a leg деген идиома бар.
Осы идиома қолданылған мына бір мысалға назар аударыңыз (ағайынды Стругацкийлердің «Пикник на обочине» повесінен үзінді, ағылшын тіліне аударған Антонина Буис, 1977 ж.):
At the Metropole they charge an arm and a leg for a hamburger.
Түпнұсқада, орыс тілінде (1971 ж.):
…Здесь в «Метрополе» за каждую котлету так дерут…
Осы тақырыпқа арналған Қызықты «аударма» (ағылшынша-орысша-қазақша) атты алғашқы посттағыдай, аталған идиоманың қазақ тіліндегі тиісті баламасын және оның қолданылуы көрсетілген мысалды осы жолы да өмірден алынған мәтіннен таптым. «Ана тілі» газетіндегі мақаладан алынған үзінді:
Атамыздың күнделікті азығы болған асылған ет мейрамхананың мәзірінде атасының құнын сұрап тұр. [Д.Ізтілеу. Қазақ қой соя алмайтын халге жетті. www.anatili.kazgazeta.kz]
СOST AN ARM AND A LEG
КАЗАҚША: атасының/әкесінің құнын сұрау, аса (екі-үш есе) қымбатқа сатып алу/сату, тым қымбатқа түсу, удай қымбатқа түсу.
Ағылшын идиомаларын орыс және қазақ тілдеріне аударуға қатысты осы және басқа да мысалдарды мына жаңа анықтамалықтан табуға болады: «Английские идиомы, устойчивые выражения и фразовые глаголы в переводе на русский и казахский языки» (Издательские решения, 2018 г.).
