Мазмұнға өту
yerlan_iskakov

Ерлан Искаков

@yerlan_iskakov

Сайтта 2016 ж. 29 қазанКазахстан, Алматы

Мысли, заметки, факты и наблюдения для всех, кто интересуется историей (отечественной и зарубежной, новой и новейшей), международными отношениями, а также теорией и практикой перевода.

рейтинг

250

жазбалар

74

пікірлер

72

тіркелуші

14

жазылымдар

0

«Оның оң қолының не істеп жатқанын сол қолы білмейді» деген мәтел не туралы айтылған?

Аудармаға ақша табудың бір жолы ғана емес, ең алдымен ой өрісін кеңейтетін, жаңа білім алуға, бұрыннан белгілі құбылыстар мен ұғымдарға жаңаша көзқарас қалыптастыруға септігін тигізетін танымдық жұмыс деп қарау қажет екендігіне сенімдімін. Бұлай болмаса, аудармамен айналысуға деген қызығушылықты баяғыда-ақ жоғалтқан болатын едім. Бұрынғы жұмыста әріптестерімізбен "Оның оң қолының не істеп жатқанын сол қолы білмейді" деген мәтелді жиі айтатынбыз. Бұл бір ұйым құрамындағы бөлімшелер мен департаменттер қызметінің өзара келісілмеген, үйлеспеген әрі жүйесіз болғанда қолданылатын фраза еді. Түпнұсқада (Иса пайғамбардың Таудағы уағызы) бұл сөздің "қайырымдылық пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі (қазір осы екі ұғым қатар жүретін болған сияқты)" туралы айтылғанын білдім…! Неге дейсіз ғой? Иса…

0
0
600

eGov және жеке деректер қауіпсіздігі

Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚО) қызметкері азаматтың жеке деректерін рұқсатсыз өзгелерге бергені белгілі болды.

Бұл жағдай бойынша теледидар арқылы Алматы қаласы ХҚО департаменті директорының міндетін атқарушы Мамажанова ханым дер кезінде түсініктеме берді.

Жүргізуші: Азаматтар өздерінің жеке деректері қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ете алады?

Мамажанова: Азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы ұялы телефонға SMS-хабарламаларын алу қызметін іске қоса алады, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет...[осыны естігеннен кейін шенеуніктің ары қарай не айтатынын тыңдағым да келмей қалды]

Юлана Чаус, Ламзар Люсан, Виталий Мантров - арнайы КТК үшін... :)

0
0
471

Семіздік пен «жаңғыру» жайында

Осыдан біраз жыл бұрын мені Тафтс Университетінде өткен семіздік мәселелеріне арналған симпозиумда сөз сөйлеуге шақырды. Бағдарламаға сай өз кезегімді күтіп, басқа баяндамашыларды тыңдап отырдым. Сөз алғандар мен басқа да қатысушылар қатардағы қарапайым азаматтар емес, шетінен атақты ғалымдар мен өз саласының жетекші мамандары болып шықты. Бұған ғана емес, мына бір жайтқа да таң қалдым: аталған қатысушылардың кем дегенде үштен бір бөлігі аса семіз адамдар, ал қалғандары артық салмақ жинап алғандар екен. Сөз сөйлегендердің дерлік барлығы қалыптасқан қауіпті жағдайды білім беру, халықты ағарту арқылы шешуге болады дегенді алға тартты. Олардың ойынша, американдықтар дұрыс тамақтану мен дене шынықтырудың пайдасы жөнінде көбірек білсе, семіздіктен арылатын еді. Аталған мамандар халық арасында…

1
0
810

Заңгерлер не дейді. Біздікілер емес, американдық заңгерлер.

Өзім қызыға көретін американдық телехикаялардың бірі ‒ Suits (орыс тілінде "Форс-мажоры"деген атпен мәлім, ал сөзбе-сөз аударсақ, аталған сөз «костюм», «сотқа берген талап-арыз» және басқа да мағыналарда қолданылады). Бұл хикая Нью-Йорктің ірі заң компаниясы қызметкерлерінің өмірі жайында, соған қарамастан оқиғалардың барлығы заң, әділдік, біреудің құқықтары мен бостандықтары турасында емес, көбінесе "корпоративтік қарым-қатынастар", достық, махаббат және сатқындық туралы десе болады. Басқаша болса, сериал көрерменге қызық болмайтын да шығар. Телехикаяны түпнұсқада, ағылшын тілінде, көріп жүрмін; басында заң саласына қатысты терминдер көп болады, диалогтарды түсіну қиынға түседі деп алаңдаған едім. Заң терминдері мен ойлағандай көп емес екен. Кейіпкерлердің ең жиі қолданатын заң терминдер…

0
0
530

Қызықты «аударма» (ағылшын – орыс – қазақ тілдері)

Атақты американдық жазушы Т.Драйзердің "Қаржыгер" (1912 жыл) атты романынан мына бір үзіндіні алайық, түпнұсқада: There was a political ring in Philadelphia in which the mayor, certain members of the council, the treasurer, the chief of police, the commissioner of public works, and others shared. It was a case generally of “You scratch my back and I’ll scratch yours.” Осы үзіндінің орыс тіліндегі аудармасы (1944 жыл, аударғандар Н.Галь, З.Вершинина): В Филадельфии действовала целая шайка: в долю входили мэр города, несколько членов муниципалитета, казначей, начальник полиции, уполномоченный по общественным работам и другие чиновники. Их девиз был «рука руку моет». Ағылшынның "you scratch my back and I’ll scratch yours" деген мәтелінің қазақша баламасын іздеймін деп, Интернетте мына бір мә…

0
0
1015

Болашақ энергиясы

Ел аузындағы терминдер туралы Әйгілі канадалық ғалым Вацлав Смилдің «Адамзат тарихы – сайып келгенде, энергияны игеру мен оны пайдаланудың түрлі технологияларының даму тарихы» деген сөзі негізсіз емес. Әлемдік энергетиканың бүгінгісі мен болашағы туралы пікір-таласта жаңа/ескі технологиялар енді климаттың өзгеруі мен тұрақты даму проблемалары тұрғысынан қарастырылатын болды. Аяқталуға жақын ЭКСПО-2017 көрмесінің "Болашақ энергиясы" деген тақырыбының негізгі түйіні де осында. Аталған тақырыпқа байланысты кезінде жұмыс бабымен біраз ізденіс жасап, ең жиі кездесетін терминдер мен ұғымдар тізімін жасаған едім. Сол тізімнен іріктеп алынған 20 термин мен сөз тіркесінің ағылшынша-қазақша баламалары төмендегідей: Advanced biofuels Жаңа биоотын түрлері Clean energy technologies Экологиялық таза эн…

1
0
1504

Астана әуежайын қайта атау туралы

Өзімізге өте қажет әрі тиімді болған немесе басқа да себептерге сай қабылданған түрлі шешімдерді ақтауға тырысып, шетелдік тәжірибеге (әсіресе батыс елдерінің тәжірибесіне) сілтегенді «біз» жақсы көреміз. Сол батыс елдерінің өкілдері бізге, мысалы, сайлауларыңыз халықаралық стандарттарға сай емес деп сын айтқан кезде, «біз» оларға: шаруаларың болмасын, бізде нелерің бар (?), біз сендерге ұқсамаймыз, біздің жөніміз бөлек! - деп жиі жауап қайтаратынымыз бар ғой. Сонда қалай, біз ғаламдық трендке (үрдіске) сай дамудамыз ба, әлде ешкімге ұқсамайтын өзіндік жолмен келеміз бе?! Шетелдік тәжірибеге басымдық берсек: ең алдымен, елге қазіргі заман талаптарына сай, үлкен әрі келіп-кететіндер мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасалған, бағалары шектен аспайтын әуежай қажет сияқты. Өз ерекшеліктер…

0
0
615

Біздің ЭКСПО

Бұл сөздің биыл елімізде ең көп айтылатын сөздер тізімін басқаратын түрі бар. Өзіміздің ресми және бейресми ақпарат көздерінде бұл көрмені бірде «бүкіләлемдік», бірде «халықаралық» деп атай береді. ЭКСПО-ның ашылу салтанатында елбасының оны «дүниежүзілік мамандандырылған көрме» деп те атағанын естідім. Сонымен, бұл көрменің нақты мәртебесі қандай? Қысқаша анықтама Коммерциялық емес сипаттағы (ұзақтығы үш-алты ай болатын) ірі халықаралық ғылыми, мәдени және басқа да көрмелерді АҚШ-та әдетте world’s fairs (дүниежүзілік көрме), Еуропа және Азия елдерінде – international/universal expositions (халықаралық/әмбебап көрме), ал Ұлыбританияда – exhibitions деп атайды. Мұндай көрмелердің (Ехро/ЕХРО/ЭКСПО) жұмысын Халықаралық көрмелер бюросы (Bureau International des Expositions) деген ұйым реттейді…

0
0
760

Бүкіләлемдік қан доноры күні

Бүгін (14 маусым) Бүкіләлемдік қан доноры күні болды. Осыдан үш жыл бұрын Астанада болған оқиға есіме түсті. Қан орталығынан хабарласып, келіп қан (тромбоциттер) тапсыруымды өтінді. Бардым. Зертханаға кіргізіп, алдымен талдап тексеру үшін тамырдан қан алды. Содан кейін дәлізге шығып, күтіп отырдым. Қасыма жасы қырықтар шамасындағы бір ер адам келіп отырды: өзі 16 жыл бойы қан тапсырып жүрген тұрақты (кадрлық) донор екен. Сол күні үйінде қонақ күтіп жатқан, дереу шақырғаннан кейін, бәрін тастап, қан орталығына келіпті. Қан тапсыруға қашан жібереді екен деп күтіп отырдық. Әдеттегіден ұзақ отырдық, екеуімізді қосқанда, барлығы төрт-ақ адам қалдық. Сөйтсек, зертханадағы қанды жедел талдауға арналған құрылғы сынып қалыпты. Жоғарғы қабаттан дәрігер келіп, зертханашылардан донорларды неге жіберм…

0
0
1163

Ислам: өнер туындылары мен қастерлі жәдігерлердің суреттері

Төмендегі үш фотосуретті өзім түсіргенмін. Үш түрлі елде әр жылдары түсірілген бұл суреттерге ортақ бір тақырып – Ислам діні.Бұл постта суреттердің өзін көрсетіп, олардың қысқаша сипаттамасын жасаумен ғана шектелуді жөн көрдім. Мәтіннен гөрі, көрнекілік маңызды сияқты.«Ислам ағымдары» (Sects of Islam) атты түс кілем. Метрополитен мұражайы, Нью-Йорк, 2009 жыл.Каир Университетінің мәдени құндылықтар жинақтамасынан (Мысыр, 2005 жыл). Суретте Мұхаммед Пайғамбардың Жәбрейіл періштемен бірге түнгі саяхаты және жеті қат көкке көтерілген сәті (Исра және Миғраж түні) бейнеленген. Мұхаммед Пайғамбар салт мінген ақ жануар - Бурақ (кейбір діни аңыздарда ол адам бейнесіндегі қанатты тұлпар кейпінде көрсетіледі).Топкапы сарайының мұражайы, Ыстамбұл, 2005 жыл. Мұхаммед Пайғамбар аяғының ізі түскен қалып…

0
0
1928