Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Денсаулықты сақтау

Денсаулық – біздің жалғыз ғана асыл дүниеміз. Денсаулықты ақшаға сата да алмаймыз, сатып та ала алмаймыз. Себебі ақша байлық емес, ең басты байлық-денсаулық.  Денсаулығымызды сақтамасақ, күтпесек, оны құртып алуымыз мүмкін. Ал ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмайтын жол іздеу жеңілірек болары айтпасақ та түсінікті. «Денсаулық - зор байлық» - демекші орынды айтылған сөзді жадымызда ұстаймыз. Әрбір адамның денсаулығы – қоғамның байлығы деуге болады. Осы ретте халқымыз «Дені саудың жаны сау» - деген сөзі де тектен-тек айтылмағаны соның дәлелі. Деніміз сауда біздің де күніміз жарық. Болашығымыздың жарқын болатынына сенемін. Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Денсаулықты сақтау тек тазалықты сақтаумен шектелмейді. Денсаулықты сақтау үшін күн режимін сақтай отырып тиімді тамақтану, дене қозғалысы жасап спортпен шұғылдану, таза ауада жиі серуендеу жатады.

Денсаулықты сақтау үшін пайдалы, адам өміріне зиянын тигізбейтін тағамдарды тұтыну, спортпен шұғылдану қажет, жақсы ұйықтап, таза ауамен демалған да өте пайдалы. Адам денесінің көп бөлігі судан тұрады. Сондықтан күніне кем дегенде бір-екі литр су ішу керек.  Адамдар ауырып қалса, дәрігерге бармай, өз беттерімен емделеді. Бұл дұрыс емес. Себебі біз ауырып тұрған жерімізді емдеп, басқа ағзаға зиян келтіруіміз мүмкін. Сол себептен ауырып қалған жағдайда дәрігерге барып, дұрыстап тексеріліп, жазып берген дәрісін ішкен жөн.

Денсаулыққа өте қатты зиянын тигізетін ішімдік, шылым және т.б. сол сияқты зиянды заттар жетерлік. Бұндай заттарды мүлде пайдаланбау керек. Майлы, газдалған, қуырылған тағамдарды, жартылай дайын өнімдерді, қантты аз мөлшерде тұтынған жөн. Олардың орнына сүттен, балықтан, еттен жасалған табиғи әрі пайдалы өнімдерді, жеміс-жидекті, көкеністі көптеп жеген дұрыс. Денсаулық екіге бөлінеді: біріншісі физикалық денсаулық, екіншісі психикалық денсаулық. Психикалық денсаулық дегеніміз – адамның көңіл-күйі. Айналадағы болып жатқан өзгерістер адамның көңіл-күйіне әсер етеді. Адамдардың саған деген көзқарасы, көпшіліктің арасында өзіңді қалай сезінуің сенің жан саулығыңа әсер етеді. Экология да денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Ауа ластанған болса,  өкпеге кесірін тигізеді. Радияциясы көп жерлерде балалар қандай да бір аурумен дүниеге келеді. Әл-Фараби атамыздың денсаулық жайлы айтқан нақыл сөзі: «Адамның денесінің жетілуі – оның денсаулығы: егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек» деген. Бұл біздің өмірлік ұстанымымыз болу керек.

Денсаулықты сақтау мен нығайтуға жасалатын әрбір қадам — қоғамның басты капиталы адамдардың қалыпты да, ұзақ өмір сүруінің негізі. Әсіресе науқастарға денсаулық сақтаудың емдеу, алдын-алу жүйесінде психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсету – дамыған мемлекеттер тәжірибесінен белгілі, сауығу мерзімін арттырудың алғышарттары саналады.

Дамыған мемлекеттер тәжірибесінде бұл қызметті ұйымдастыру түрі аймақтық ерекшеліктеріне қарай өзіндік формаға ие. Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде психологиялық және әлеуметтік қызметті қалыптастырудың сабақтасқан жүйесі қалыптаспаған, әйтсе де, әрбір қызмет түрі өз шеңберінде жүзеге асырылып келеді. Денсаулық-физикалық, соматикалық, әлеуметтік және рухани болып, төртке бөлінеді. Ағзада денсаулықтың осы аталған түрлері бірі-бірімен ете тығыз байланыста болады.

«Салауатты өмір сүру салты» деген түсінік тек үстіртін көз-қарасқа ғана жарайтын жан дүние болып көрінетіні сөзсіз.

Психологиясы сау адам ауруды болдырмауы, ауырған күнде қайтседе одан сауығудың тәсілдерін пайдаланып, одан қандайда болмасын құтылады. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыс жасау қабілеттілігіне әсер ететіні, керісінше адамның бір жері сырқаттанған болса, жоқ сырқаттарды өзі ойлап тауып білгір бола кетсе, онда оның психикасының тепе-тендігі бұзылғаны. Мұндай сырқаттар мен сырқаттанғандарды ядрогендік (өзін-өзі сендіруден болатын сырқат деп түсіндіреді. Кейбір жағдайларда ауыр күйзеліс жағдайды басынан еткізген немесе қатты ренжіген адамның сырқаттанатыны да кездеседі. Осы айтылғандардың бәрі дене (ағза) саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтын керек екенін аңғартады.

Сырқаттанған адамның көңіл-күйін көтеру, оның көңіліне (психикасына) жазылып кетемін деген психикалық ой-пікір тудыру, бұл дәрі-дермектерден артық баға жетпес дүние. Сонымен бірге сырқаттан жазылуына рухани сенім тудырып, көңіл-күйді көтере түседі. Ағзада ерекше қарсылық күші пайда болады. Яғни ерекше түрде дамыған жасырынып жатқан ағза күші ояна кетеді. Иммунитет дами түседі.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректеріне қарағанда, барлық сырқаттардың 45% күйзелістен туындайтыны байқалады. Сондықтан күнзелістің тетік-тегершігін анықтау, онын, мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның зиянды әрекеттерінен аулақ болу керек. Күйзеліс ағзаның қорғаныс функциясында атқарған Г. Сельменің айтуына қарағанда, «күйзеліссіз өмір өлі». Ол эксперимент жүргізу үшін егеуқұйрықтарды алып, оларды үш топқа белген. 1-топтағы егеуқұйрықтарды үнемі күйзеліссіз жерде, тыныштықта ұстаған, ал екінші топтағы егеуқұйрықтарға қысқа мерзімді күйзеліс тудырып отырған. Денсаулық және психикалық тепе-теңдік. Елімізде психикалық проблемасы бар науқастардың тұлғалық және әлеуметтік құндылықтарын қалпына келтіру — медициналық жолмен оңалту ісіне екпін береді яғни, мұндай қадам, әлі де осы санат өкілдеріне психологиялық-әлеуметтік қолдау жүйесі қалыптаспағандығы, нәтижесінде емделушілердің тұлғалық қажеттіліктерінің қанағаттандырылмай жатқандығы аталмыш проблеманың кезек күттірмес міндет екендігін алға тартуда.

0
0
120

Осы тақырып бойынша

Денсаулықты сақтау - Yvision.kz