Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәдениет және оның адамның өмірі мен әрекетінде алатын орны.

Мәдениет-адам әрекетінен туындайтын өзгерістер. Адамның жеке мәдениеті мен қоғам заңдары тығыз байланысты болып келеді. Мәдениет-материалдық және рухани болып ажыратылады. Дегенмен, материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайтыны бәрімізге мәлім. Біздің ежелгі тарихымыздың өзінде өзіндік бір мәдениет жатыр. Дәл сол сияқты әр елдің өзіне тән дәстүрі болады, міне, оның өзі үлкен мәдениет емес пе?! Адам өмірінде мәдениет ойып тұрып ерекше орын алады. Біздің жүріп-тұруымыз,сөйлеген сөз саптауымыз, күлгеніміз, яғни бәрі-мәдениетке келіп тіреледі. Осы жерден оның көп деңгейлі жүйе екенін аңғарамыз. Мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам-мәдениеттің бір бөлігі. Себебі елдің мәдениеті: театр, радио,теледидар, мұражайлар. Оны іске асырушы-адам. Сондықтан, мәдениет адаммен тікелей қатынаста жүреді. Мысалы, адам өз-өзін жетілдіріп, оқып, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениеттілігін, адамдық мәнін жасайды. Әл-Фараби атамыз айтқандай, адам-мәдениетті жан. Адам үшін табиғи орта қашанда қажеттілік етіп тұрады. Күндегі тұрмыс-тіршілік мәдениетпен тығыз, әрі берік байланыста болған соң, мәдениеттілікті қашанда сақтаймыз. Адамдарға орынды жауап қатып, әдемі сөйлеу тәрбиеліліктің белгісі. Сөйлеген сөзіне қарап, адамның қаншалықты мәдениетті екенін аңғарамыз.Ағын судай сырғып ағып жатқан жылдар, ғасырлар-адамзаттың мәдени дамуының куәсі. Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт-ол адамның жан-жақтылығына, қабілеттілігіне байланысты. Ойлап көріңізші, егер адам тоғайда не болмаса жануарлардың арасында өмір сүрер болса, онда мәдениеттілік қасиеттен жұрдай болар еді,солай емес пе? Қазіргі таңда адамдық қасиет те,адамның адам болып қалуы да өзек жарды мәселе болып тұр. Себебі, ақиқат пен жалғандық, зұлымдық пен ізгілік, әділеттілік пен әділетсіздік сынды қасиеттер қатар жүріп, жаман қасиеттердің жетегіне еріп кетіп жатамыз. Осының нәтижесінде, әрбір адамда сана тұрақталып, озық мәдениет үлгісін өз бойына сіңіреді. Адам өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етіп, өзгертеді. Кейіннен ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырады. Жалпы мәдениеттің құрылымы екі үлкен бөліктен құралатынын айтып, атап өттім, енді жалпы оның мағынасын ашып өтсем.

1)Материалдық мәдениет-қайта құру процессімен байланысты, яки адамның табиғатты өзгертуі.

2)Рухани мәдениет-бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады. Рухани құндылықтарға ұлттық дүниетаным, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар жатады. Және адамгершілік құндылықтар да бар. Осы аталған құндылықтар-рухани мәдениеттіің негізі. Материалдық мәдениетке адам өмір сүруіне қажетті дүниелерді жатқызады. Олар:киер киімі, баспанасы, бұйымдары, көлігі, ыдыс-аяқтары, құрал-саймандары, жиһаз, аспаптар. Материалдық мәдениетке тарихи және мәдени ескерткіштер кіретіндіктен ,еліміз материалдық мәдениетке өте бай екенін ауыз толтыра айта аламыз. Бұл екі мәдениетте бір-бірімен тығыз байланыста.

Жеке адам-өзі өмір сүріп жатқан қоғам жасаған мәдениеттің туындысы. Мәдениет рухани байлық, ол ешқашан материалдық пайданың көзі болуға тиіс емес. Міне, мәдениет және оның адамның өмірі мен әрекетінде алар орны осындай.

0
0
1982

Осы тақырып бойынша

Мәдениет және оның адамның өмірі мен әрекетінде алатын орны. - Yvision.kz