Төртінші билік иесі
Мамандық таңдау - бұл ең қиын шешімдердің бірі. Барлық мамандықтың өзіндік ерекшелігі және қызығы болады. Менің таңдауым журналистикаға түсті. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл мамандық аса еңбекті талап етеді. Журналист қызықты жаңалықтарды табуы керек, олардың негізінде жаңалықтар мен репортаждар жасалады. Бұл мамандықтың адамның өміріне қауіп төнетін тұстары да бар. Кез-келген қиындыққа дайын болу керек. Ең қиыны - қызықты ақпарат табу. Себебі, адамдарға қызығушылық таныту үшін сенсация болуы керек. Қазіргі уақытта мұндай жаңалықтарды табу әрдайым оңай бола бермейді. Егер адамдар көп жұмыс жасауды, саяхаттауды ұнататын болса және ешнәрседен қорықпайтын болса, онда журналист олар үшін идеалды мамандық деп ойлаймын. Журналистика мамандығы мен үшін өте ыстық әрі ерекше. Алматы қаласындағы “Жұлдыз fm” атты радиода іс- тәжірбиеден өтіп жүргенімде, радионың қыр-сырын түсініп, көңілді радиожүргізуші, диктор аға әпкелерімізбен танысып, атмосфераны сезініп, журналистикаға деген махаббатым екі есе арта түсті. Қалай радио жүргізіп, қалай жаңалық оқу керектігін үйреніп те алдым. Тіпті қимастық сезімі болды. Ал ендігі уақытта газет-журналдардың редакциясына барып, біраз тәжірбие жинасам деймін. Журналистикаға деген қызығушылығымды универ қабырғасындағы ұстаздарым да ашты деуге болады. Өздерінің қызықты тапсырмаларымен, тәсілдерімен қызықтыра біледі. Болашақта өз ісімнің шебері болып, өз саламның шыңына табан тіреп тұратын күнге де жетемін деген үміттемін. Сондықтан жігерімді шыңдап, арманымды алдыма үміт етіп, жүрек қалауымды жасадым.
Журналистика-төртінші билік... Журналистика-газеттер мен журналдар... Журналистика-радио және телевидение... Журналистика-репортер... Журналистика-шығармашылық... Журналистика-ақпарат...
