Аристотель философиясының ықпалы.
Аристотель б.з.б 384 жылы туылған.Б.з.б 322 жылы қайтыс болған. Аристотель-ежелгі грек философы,логиканың негізін қалаушы.Аристотельдің философиясы барлық көне грек философиясының қортындысы іспетті.Тағы бір жағынан қарасақ Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды.Ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген мәселелерге жан-жақты талдау жасап,өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды.Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол “Метафизика” деп аталатын кітабында философияның негізігі мәселелерінің бірі-болмысты жан-жақты анықтай отырып,өзіне дейінгі ойшылдарға ,әсіресе,Платонның философиясына сын ескертпелер айтты. Бұл жерді біз Аристотель мен Платонның арасындағы сабақтастық байланысқа тоқталып өткеніміз жөн.Аристотель-Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті,оның шығармаларына сын көзбен қарап,пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе,өзінің философиялық жүйесін жасау барысында ол Платонның көзқарасына қарама-қарсы шықты.Аристотельге:”Сен неге көзі тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың?”-деп сұрағанда,ол:”Платон маған дос,бірақ ақиқат қымбатырақ “,-деп жауап берді деген аңыз бар. Аристотельдің айтуынша, дұрыс кұрылымдар: патшалық билік, аристократия, полития, теріс кұрылымдар: – тирания, олигархия, демократия. Патшалық билік бір адамның билігі болғанымен халыктық мүддеге қызмет етеді; тирания да бір адамның билігі, бірақ мұнда жеке адам мүддесі ғана есепке алынады. Аристократия – аз адамдар билігі, әйтсе де бұлар бүкіл кауым қамын ойлайтын ізгі жандар; олигархия да – аз адамдар билігі, бірақ ол ел мүддесі үшін емес, ат төбеліндей ауқаттылар мүддесі үшін кұрылған топ.
