Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгінгі «Жұлдыз» журналының мазмұндық, тақырыптық ерекшелігі..

«Жұлдыз» журналы қазақ публицистикасының бастауында тұрған «Шолпан», «Таң» журналдарының ізбасары. Әр жылдары «Жаңа әдебиет», «Жыл құсы», «Әдебиет майданы», «Майдан», «Әдебиет және искуство» деген атаулармен шығып тұрған, яғни ізбасарлары. Бір ғасырға жуық уақыттан бері әдебиетіміздің шежіресіне айналды. Қазіргі таңда, жаңа мазмұнға, ерекше дизайнға көшіп, ерекшелене түсті. БАҚ-ның ішінде алғашқыларының бірі болып латын қарпіне көшкен журналдардың бірі. Журналдың “проза”, “поэзия”, “Ислам тағылымы”, “әдеби мұра”, “зерде”, “әдебиеттану”, т.б. бөлімдерінде қазақ ақын-жазушыларының жаңа шығармалары, өнер туындылары, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, өнері мен әдебиетіне қатысты мақалалар жарияланады. Басылымдар әр түрлі, соған сәйкес олардың ерекшеліктері де сан алуан екені мәлім. Ал олардағы материалдардың сапалы болуы оларды жазу үстінде журналистің баспасөз жанрының әрқайсысына тән сол ерекшеліктерін жете айыра отырып, оны шебер жаза білуіне байланысты. Егер журналист газет жанрларының теориясын жақсы біліп, оны өз ісінде жемісті қолдана білсе, газет материалдары бір - біріне егіздің сыңарындай ұқсап тұрмай, бірін - бірі қайталамай, әрқайсысы өз жақсылығымен жарық көреді, сапасы жақсарады, жазылу түрі соны сипат табады, мазмұны тереңдейді, нәтижесінде ондай газет материалдарын оқырмандар сүйсініп, қызыға оқитын болады. «Жұлдыз» журналында көптеген мағынасы терең мақалалар жарияланады. Өлең шумақтарының да теңіздей терең астары бар.

Әсіресе, Рахым Балабиевтің “Ақсақ қыз тағдыры” атты өлең жолдары мен үшін ерекше мұңлы көңіл-күй сыйлады. Ақын ақсақ қыздың өмірін бөлім бойынша мұңмен шертеді. Тіпті өлеңді оқи отырып, жарқын болашағынан күдер үзген қыздың бейнесі көз алдыңа елестейді. “Қыз мұңы” атты бөлімінде қыздың алай-дүлей жан дүниесін ақтара жазады. Қыздың қиын тағдырын жаза келе, соңында әдемі некенің ақ жолымен жалғастырады.

Жанар Әбдішова. Өмірдің мәні…

Мақалада автор әріптес жігітінің қайтыс болуын баяндайды. Арысынан айырылған әйелінің қайғыдан қан жұтуын, өкіне өксіген әріптестерінің мұңы айтылады. Шұрқыраған балаларының әкесіз қалуы, өксіген әйелдің көз жасы, көңіліңе мұң ұялатады. Жалпы мақаланың негізгі идеясы- өмірдің қадірін түсініп, шүкіршілік айту. Өмірдің мәні өзіңді тануда, өмірден орныңды табуда, өзіңе жақын жанды кездестіріп, бақытты ғұмыр кешуде, білімде, мақсатта,  мұратта, арманда, отбасыңның амандығы мен деніңнің саулығында... Өмірдің мәні шексіз, тек сол қарапайым бақыт себептерін көре білуде, түсіне білуде.

Темірхан  МЕДЕТБЕК

(Жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері

Әбіш Кекілбайұлы туралы сөз)

Мақалада автор Әбіш Кекілбайұлымен алғашқы таныстығын баяндайды. Қазақ халқы және әдебиет үшін алар орны орасан зор екенін де мақтана, да марқаяда жазады.

Жалпы, қорыта айтқанда, Әбіш Кекілбайұлы еліміздің рухани тіршілігінде болсын, саяси-әлеуметтік өмірінде болсын  қайталанбас құбылыс. Ол — феномен. Ол —  тұтас әлем. Ол тұтас әлемді қамтып сөйлеуге бір мақала түгілі, үлкен бір кітаптың қауқары жетпейді. Ол әлем айтқан сайын биіктеп, қадалған сайын тереңдей түсетін әлем. Ол әлемнен әлі талай ұрпақ сусындап, талай ұрпақ қуаттанары сөзсіз.

Қазірдің өзінде-ақ оның туындылары мен қайраткерлік ой-толғамдары ұлттық құндылықтарға айналды.

Ол — рухани ұлы тұлға.

Бұл журналдың келешек ұрпаққа берері мол екенін үлкен сеніммен айта аламын.      "Жұлдыз" журналы поэзия, сыр сандық, проза, сөз сәулесі, тірлік дүниесі атты айдарларды бір журналдың бойында тоғыстырып, халыққа ой салуда.

0
0
122

Осы тақырып бойынша

Бүгінгі «Жұлдыз» журналының мазмұндық, тақырыптық ерекшелігі.. - Yvision.kz