Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Қазақ" газетінің шығу тарихы.

“Қазақ” газеті 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап 1918 жылдың 16 қыркүйегіне дейін Орынборда шығып тұрған, ұлттық баспасөздің, әдебиет пен мәдениеттің дамуына үлкен ықлал еткен басылым еді. Оның редакторы- Ахмет Байтұрсынов, шығарушысы- Мұстафа Оразаев болды. Газетте Бөкейханов, Дулатов, Шәкәрім, М.Жумабаев, С. Дөнентаев, Б.Майлин, тағы басқа қазақ қаламгерлерінің публицистикалық, көркем шығармалары жарияланып тұрды. Сол кездегі қазақ саяси өмірі мен қоғамдық ойының белсенді өкілдері ұлттық басылым төңіpeгіне тоғысуы кездейсоқ жағдай емес еді. Олардың бірлесе қимылдауға, қосылып іс- әрекет жасауға итермелеген- ғасыр басындағы қазақ жеріндегі қоғамдық саяси ахуал, елдің ауыр халі болғандығына көзіміз енді жетіп отыр. Демек, “Қазақ”газеті- сол кезеңнің шындық шежіресі, өмірлік айнасы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қалың көпшілікке жол сілтеген, ұлттық сана сезімді оятуға үлес қосып, болашаққа бағыт-бағдар берген қоғамдық ойдың өлшемі еді. Бұл басылымның қазақ халқының ұлттық даму жолындағы маңызды рөлі жайында көптеген пікірлер бар. Солардың ішінде де газет туралы сол кезеңдеrі ел зиялыларының нақты тұжырымдарға құрылған ойлары ерекше әсер қалдырады. Мәселен, Алаштың ардақты азаматтарының бірі-Смағұл Сәдуақасов өзінің қазақ әдебиеті атты тарихи-талдау очеркінде: Айқаптан кейін 1918 жылы қазақ әдебиетінің мақтанышы болған “Қазақ” газеті шықты. “Қазақ” газетінде саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерден басқа, рухани, мәдени тақырыпта әр түрлі хабарлар мен ақпараттар жарияланып тұрды. Бір ғажабы, “Айқап”мұсылман мектептерінде оқитын әдебиетші жастардың белсене қатысуымен, күш- жігерімен шығып тұрса, “Қазақ” газеті орыс мектептерінде оқитындардың күш- жігерімен шыкқты,- деген пікір айтқан. 1923 жылы “Ақ жол”газетінде жарық көрген “Ахаңның елу жылдық тойы”деген мақаласында М.Әуезов “Қазақ газеті” мен оның редакторы Ахмет Байтұрсынов жөнінде салиқалы ой сабақтайды. “Қазақ”газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ахмет салған өрнекті біліп, ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр. Қазақ газетінде қазақ публицистикасын жаңа белеске көтерген қалам қайраткерлеpінің бірі - Әлихан Бөкейханов болды. Өзінің алғашқы публицистикалық шығармаларын “Дала уалаятының” газетінде, “Айқап” журналында жариялаған Ә.Бөкейхановтың “Қазақ” газетінде екі жүзге жуық мақалалар, аудармалар басылған.

Газеттің соңғы нөмірлеріндегі жарияланымдар шығарушылардың келешекке үлкен сеніммен қарағандығын байқатады. Алайда билік басына келген большевиктердің келуімен алдымен «Қазақ» газеті жабылды, ақырында қазақтың қамы үшін ұлт зияларының бәрі атылып, аман қалғаны сотталып кетті.

Сын сағатта туып, Алаш автономиясының үніне айналған «Қазақ» газеті халық алдындағы өз мисссиясын орындады. Біріншіден, сол кездегі қазақ халқының ұлттық мұң-мүддесінің, теңдік пен бостандыққа ұмтылған күресінің, тарихы мен мәдениетінің, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің айнасы болды. Екіншіден, ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының шамшырағына айналған, еуропалық үлгідегі ұлттық–демократиялық мемлекеттік құрылымның үлгісін көрсеткен Алашорда үкіметінің саяси үнқағазына айналды. Үшіншіден, қазақ тіліндегі кәсіби газет стилін қалыптастырып кетті.

0
0
363

Осы тақырып бойынша

"Қазақ" газетінің шығу тарихы. - Yvision.kz