Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Жерар Гоу карьерасын Қытайда жалғастырады

29-жасар ивуарлық форвард қытайлық екінші дивизионды «Бейцзин Энтерпрайзес» клубымен келісімшартқа қол қойды. Гоу командаға еркін агент ретінде келді.

Жерар Гоу «Қайрат» клубынан өткен маусым аяқталысымен кеткен еді, оған себеп келісімшарттың аяқталуы болған. Алматылық клуб оның қызметінен жоғары жалақы сұрауынан кейін бас тартқан еді. Гоу «Қайрат» клубында 2014 жылдың маусымынан бастап, 2017 жылдың қараша айына дейін ойнады. ҚПЛ қатысқан 102 матчында 80 гол салып, Европа Лигасының 19 ойынында 11 рет ерекшеленді. Ивуарлық үш реттен ҚПЛ ең үздік шабуылшысы, ҚПЛ күміс жүлдегері және Қазақстан кубогының иегері атанды.

«Қайратқа» дейін 29-жасар Гоу ресейлік «Краснодар», туркиялық «Кайсери Эрджиесспор» және «Денизлиспор», швейцарлық «Ксамакс», мароккандық «Хассани Агадир» және өз елінің «ЖК Абиджан» командалары үшін ойнаған. Сонымен қатар, ол өз елінің жастар кұрамасында ойнаған.

0
0
239

Осы тақырып бойынша