WBC жаңартылған тізіміне Қанат Исламды қосқан жоқ
Ол WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін Джон Вераға қарсы міндетті кездесуді өткізуі керек болған, бірақ тараптар белгіленген мерзімде келісе алмады, деп хабарлайды sports.kz.
Осы жағдайға байланысты Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненконың пікірі:
- Қанаттың командасы WBA күрес туралы келісімшартқа қол қою рәсімін кешіктіргені туралы айтады, бірақ менің ойымша, келісімшарт болған жағдайда, ол мақұлданатын еді және ол WBA тарапынан ешқандай қиындық тудырмайды, және боксты өткізетін уақытты, орынды анықтауға мүмкіндік беретін еді.
Қазіргі уақытта Қанат Ислам бірінші орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) рейтингінде көш бастап тұр. Өткен жылдың қарашасында ұйым қазақстандыққа чемпиондық титулға міндетті үміткермен жекпе-жек тағайындаған болатын. Оның қарсыласы америкалық Джон Вера (18-0, 11 КО) болуы керек еді.
