Дабылға дейін 4 секундта Италияны жеңген қазақстандықтар EuroChallenge ұтып алды
Хоккейден Қазақстан құрамасы финалда Италиядық команданы ұтып, Польшаның Катовице қалалсында өтіп жатқан Еврочелленджді жеңді. Ойын 1-0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Негізгі ойын аяқталуына бір минут қалғанда, итальяндық команда тайм-аут алды, осылайша ойынға алтыншы ойыншыны қосты, оларға негізгі уақытта тек жеңіс керек еді. Қазақстандық команда қарсылық көрсете алды, ал ойын аяқтлуына төрт секунд қалғанда Никита Михайлис жеңісті шайбаны қарсылас қапасына салды.
Алдыңғы ойындарда Қазақстан Еурочеллендж аясында Польша (4-1) мен Венгрия (5-2) құрамаларын жеңген болатын. Тоғыз ұпаймен Ғалым Мамбеталиев командасы жеңімпаз атанды.
Ақпан айының 18-нен 19-на қараған түні Польша мен Венгрия арасында соңғы матч өтті. Кездесу 2-3 есебімен, Венгрия пайдасына шешілді.
