Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

Бразилиялық әйел өлген ағасының денесін банкке әкеліп, оның атынан несие алмақ болған (видео)

Бразилия тұрғыны Эрика де Соуза Виейра Нуньес несие алу үшін банкке қайтыс болған ағасының денесін әкелген.

undefined

Оқиға Рио-де-Жанейроның батыс бөлігіндегі банкте болыпты. Бұл әйел қаржы ұйымына көз жұмған туысқан ағасының денесін мүгедектер арбасына салып алып кірген. Сөйтіп, ол 3 мың еуро несие алғысы келді.

Әйел банк қызметкерімен сөйлескенде туысын тірі етіп көрсетуге тырысады. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода ол марқұммен сөйлесуге талпынып, қисайған басын ұстап тұрып, қол қоюға икемдейді.

Сосын бұл жайтқа банктің басқа қызметкерлері назар аударып, полицияны шақырады. Сөйтіп, алаяқ ұсталды.

Полиция бөлімшесінде әйел өзінің барлық уақытын сол әлжуаз туысқанын қарауға арнағанын айтқан. Полицейлер марқұм шынымен де ұсталған алаяқтың ағасы ма, жоқ па, соны анықтауда.

Әйелдің өзі ұрлық, алаяқтық жасауға талпынғаны және мәйітті қорлағаны үшін қамауға алынды.



0
0
463

Осы тақырып бойынша

Бразилиялық әйел өлген ағасының денесін банкке әкеліп,... - Yvision.kz