Ресейде өзенге құлаған автобустағы адамдарды құтқаруға Қазақстан тумасы қатысқан (видео)
Санкт-Петербургте ішінде 20 адамы бар автобус көпірден құлап, суға батты.Ресей басылымдары сол автобустағы адамдарды құтқаруға алғаш болып ұмтылған азаматтарды атады. Олар – дағыстандықтар Идрис Гаджиев, Шахбан Жабраилов, Мухаммад Гасанов, қырғызстандық өзбек Илхом Эргашев, қазақ Ерхан Аханов (төмендегі фотода) және Владимир есімді бозбала. Ерхан өз автокөлігінің тросын арқан ретінде қолданыпты. Суда қалқып тұрған автобусқа сол арқанмен дағыстандықтардың бірі түскен.Ерхан Аханов «Ойым тек адамдарды құтқару болды. Онда біреудің әкесі не шешесі, біреудің баласы бар ғой. Қолдан келгенше жәрдем бердік. Менің ойымша, бұл жерде өзін еркек немесе адам санайтын кез келген азамат тоқтап, көмектесер еді», – дейді Ерхан. Айта кетейік, кеше Санкт-Петербургте автобус Мойка өзеніне құлап, со…






