Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың оқушылары емтихандардан босатылады

Сондай-ақ биыл мектеп оқушылары алғаш рет қазақ тілінен аралық емтихан тапсырады. Фото: egemen.kzОқу-ағарту министрлігі оқу жылының аяқталуына байланысты мынадай мәліметтерді жария етті:- оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр, оның ішінде бастауыш сыныптарда 374 мың бала, негізгі мектептерде 341 мың оқушы және 186 мың түлек;-- 7 704 оқушы «Алтын белгі» белгісіне үміткер;- биыл 5-8, 10 сыныптарда алғаш рет қазақ тіліне қатысты аралық емтихандар өткізіледі;- су тасқынына байланысты Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 3 581 оқушы аралық және қорытынды емтихандардан босатылады. Қорытынды баға жылдық белгілер негізінде қойылады;- ТЖ аясында қашықтан оқытылған 2 622 мектептің 832 мың оқушысы үшін 27-31 мамыр аралығында жазғы мектептің жұмысы ұйымдастырылады;- оқу жылын «Білімі…

0
0
416

Баланы қандай іс-шараларға тегін қатыстыруға болады?

Туризм және спорт министрлігі балалардың жазғы демалыс кезіндегі тегін іс-шаралар туралы хабарлады. Фото: magnolia.kz 500-ге жуық іс-шара жоспарланған:➤ кекушинкай каратэ, кикбоксинг, муай тай, грэпплинг, шахматтан чемпионаттарі;➤ футбол және мини-футболдан әуесқой командалар арасындағы ел чемпионаттары;➤ «Бурабай-2024» республикалық жартас фестивалі аясындағы балалар маршруттары;➤ «Ұлы дала жарысы» кедергілерді еңсеру сайысы; ➤ Спорт күніне арналған дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру шаралары; ➤ жалпы білім беретін мектептер арасында жыл сайын спорттың 10 түрінен ұлттық мектеп спорт лигаларының республикалық кезеңі; ➤ «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындарының облыстық іріктеу жарыстары жалғасады;➤ асық ату, жамбы ату, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату және қазақ күресі сияқты спо…

0
0
339

Иранда кезектен тыс президент сайлауы келесі айда өтеді

Үміткерлерді тіркеу 28 мамырда басталады. Бұл туралы Иран сайлау штабының баспасөз хатшысы Мохсен Эслами мәлімдеді.Фото: © APСөйтіп, бұл елде кезектен тыс президент сайлауы тіркеу басталғаннан кейінгі тура бір айдан соң, яғни 28 маусымда өтеді. Бұл Иран тарихындағы 14-ші президент сайлауы болмақ.   Елде кезектен тыс президент сайлауы осы уақытқа дейінгі мемлекет басшысы Ибрахим Раисидің дүниеден өтуіне байланысты өткізілгелі жатқаны мәлім. Ол 19 мамырда Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясында болған тікұшақ апатынан қаза тапты. Әуе кемесінде президентпен бірге сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Малек Рахмати, Тебриз қаласының жұмалық имамы Мохаммад Али Але Хашем және президент күзетінің бастығы болған. Тіқұшақтағы жолаушыла…

0
0
389

ӘЧ-2024: Қазақстан өзінің соңғы матчында Польшаны жеңді

Чехияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Польша командасын тура алғашқы матчтағыдай есеппен жеңді.

undefined

Бұл Қазақстанның осы чемпионаттағы соңғы матчы еді. Есеп біздің хоккейшілердің пайдасына 3:1 болды.

Шайба салғандар - Никита Михайлис, Валерий Орехов және Роман Старченко.

Сонымен статистика мынадай:

0:1 - Валега (Лищарчик, Брык) - 09:11
1:1 - Михайлис (Шестаков) - 12:35
2:1 - Орехов (Михайлис, Данияр) - 50:20
3:1 - Старченко - 54:25
Бұған дейін еліміздің құрамасы АҚШ (1:10), Германия (2:8), Швеция (1:3), Латвия (0:2) және Словакиядан (2:6) ұтылса, бірінші матчта Францияны (3:1) жеңді.

0
0
447

Атырау облысында құтқарушылар жүкті әйелге көмек көрсетті

Атыраулық құтқарушылар түнгі кезекшілік кезінде Махамбет ауданы Сарытоғай ауылынан жүкті әйелді аудан орталығына қайықпен алып барған.

undefined
Мамандардың шұғыл әрекетінің нәтижесінде ауыл тұрғыны жедел жәрдем қызметкерлеріне уақытылы жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Махамбет ауданы Сарытоғай ауылын су басу қаупі төнуіне байланысты, өр суын қауіпсіз өткізу мақсатында Махамбет ауылы мен Сарытоғай ауылын жалғап жатқан тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылып, көлік қатынасы тоқтаған болатын. Тұрғындарды тасымалдау қайық арқылы тәулік бойы жүзеге асырылуда.

t.me/qr_tjm

0
0
477

Шардара су қоймасына құйылатын су мөлшері соңғы екі айда екі есеге артты

Қазақстан үшін мемлекетаралық деңгейде бекітілген лимиттер мен трансшекаралық су нысандары жұмысының болжамды режимі Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының егіншілерін маусымда егіндік сумен ысырапсыз қамтамасыз етуге бағытталған.Фото: okg.kzӨзбекстан тарапымен қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Шардара су қоймасының толу көрсеткіші биыл 300 млн м3-ке ұлғайтылды және 4,8 км3 деңгейінде қалды, мамыр айындағы орташа су ағыны 350 м3/с (2023 жылы 90 м3/с) құрады.Шардара су қоймасына сәуір-мамыр айларында барлығы 1,4 км3 су құйылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық.«Достық» каналының қазақстандық бөлігіне су беру лимиті 922 млн м3 көлемінде белгіленген.Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан биылғы шілде-тамыз айларына арналған «Бахри Точик» су қоймасының ж…

0
0
287

Ақын Әмірхан Балқыбекке ескерткіш орнатылғалы жатыр

Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өмірден өте шыққан қазақтың дарынды ақыны Әмірхан Балқыбек бауырым тірі болғанда бүгін 55 жасқа толар еді…Биыл дүниеге осындай ақынды әкелген аяулы анасы Тұрсын апайымыз да сүйікті ұлын іздеп, соңынан кете барды… Ақмаңдай Ақынды туған Ана жүрегі ақыры шыдамады… Ол кісінің нағашысы біздің рудан болғасын, мені “нағашы інімсің” деп жақсы көріп, бауыр тартып тұратын. Шардараға барғанда сәті түскенде, сәлем беруге үйіне бара қалсам, баладай қуанатын. Жақсы адам еді жарықтық! Ал Әмірханның әкесі Жұмабек көкеміз оқымаған кітабы жоқ, дала ғұламасы еді. Қазақ ақындарының, бәріміздің өлеңдерімізді өзімізге оқып бергенде, Әмірханның бойындағы телегей теңіз тереңдігінің тамыры қайда жатқанын түсінетін едік…Пейіште рухы шалқи бергей марқұмдардың…Әмірханның қазақтың көрнект…

0
0
323

Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев енді Мемлекет басшысының кеңесшісі болды. Фото: gov.kz"Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген.1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.  2009 жылы Тұрар Рыскулов атындағы Қазақ университетінің жанындағы халықаралық бизнес-мектебінде «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша іскери әкімшілдендірудің магистрының академиялық дәрежесін алған.  Әр жылдарда халықаралық қаржы ұйымдары мен батыстың орталық банктерінде «Макроэкономикалық және қаржылық саясат», «Монетарлық саясат стратегиясы және оны Еуропалық орталық б…

0
0
229

Жүргізушінің жүрегі ұстап қалған: Павлодарда автобус апатқа ұшырады

Павлодарда автобус жүргізушісінің жүрегі ұстап қалып, соның салдарынан жол апаты болды.

undefined

Фото: @tipavlo.dar

Қайғылы оқиға қаланың қақ ортасында болған. Қоғамдық көлік жүргізушісі өзін жайсыз сезініп, тізгенге ие бола алмай қалады. Соның салдарынан автобус трамвай бағанасына барып соққан.

Жүргізуші жедел жәрдем каретасында қаза тауыпты.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

0
0
340

Қытайда жойқын су тасқыны болып жатыр

Қытайда нөсер жауын жойқын тасқынға ұласты. 50 миллион тұрғыны бар Гуанси өңірін су алып кетті.

Кей аудандарда қызыл су көшелер мен үйлердің бірінші қабаттарын басып қалған.

Билік аталған аймақта ауа райы қаупінің "қызыл" деңгейін жариялады. Су басқан аудандардан тұрғындар эвакуацияланып жатыр.

t.me/sputnikKZ

0
0
325