Мазмұнға өту
mvdgovkz

mvdgovkz

Сайтта 2013 ж. 20 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

998

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

2

Оралда қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан кубогі үшін жарыс мәреге жетті.

Ақ Жайықта алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа өңірлерден, сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігі, ҰҚК, шекара қызметі, Ұлттық Ұлан, Президенттің күзет қызметінен 127 спортшы, соның ішінде 10 әйел қатысты. БҚО намысын 10 спортшы қорғады.

БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, департамент қызметкері Темірлан Ихсанғалиев осы жарыста жеңімпаз атанды.  Бұдан бұрын да қоян-қолтық ұрыс пен әскери самбодан дүниежүзілік додаларда жүлде алып жүрген Темірлан енді қыркүйек айында өтетін Ұлттық ұлан кубогына және қазанда Перуде болатын әлем кубогына дайындалу үстінде.

0
0
262

Алматы қаласында Ішкі істер министрлігі Кинологиялық орталағының базасында өткен ішкі істер органдарының кинолог-мамандары және қызметтік иттерінің республикалық жарысы тәмамдалды.

Іс-шараға жарыстың өңірлік кезеңдерінен үлгерімді өткен кинологиялық қызметтің 16 үздік қызметкері қатысты. Үш күндік жарыстың барысында кинолог-мамандардың жоғары кәсібилігі және ғимараттарда, жүктерде, көліктерде және жасырын жерлерде есірткі құралдарын іздеу бойынша қызметтік иттердің жақсы дайындалғандығы бойынша жоғары деңгей көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша таза жеңісті Алматы облысының ІІД инспектор-кинологы полиция лейтененты Болысбаев Серік Бақытұлы жеңіп алды. С.Б. Болысбаев 2008 жылы ІІМ Кинологиялық орталығында жарылғыш заттарды іздеу бойынша дайындықтан өткен. Оның жеке қатысуымен жедел іздестіру іс-шараларында «Фокс»қызметтік іздестіру итін қолдану арқылы ҚР ҚК-нің 175-бабы бойынша 25-ке тарта қылмыс, ҚР ҚК-нің 259-бабы бойынша 40-тан астам қылмыс ашылды. 2014 жылы Болысб…

0
0
367

Тәртіп сақшысы бұзақыны сабасына түсірді. «BNews.kz», 14.08.2014ж.

Ақтөбе облысында қылмыстық атқару жүйесінің қызметкері көше бұзақысын сабасына түсірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қандыағаш қаласында жұрттың беркесін қашырған жігітті инспектор тәртіпке шақырмақ болған. Оның жасаған ескертуіне бұзақы құлақ аспай, керсінше жұдырығын ала жүгіріпті. Спорттың бірнеше түрін меңгерген Ақтөбе облыстық қылмыстық атрау жүйесінің өкілі сол бойда оның соққысын денесіне дарытпай, қайта білегін қайыра қойыпты. Белдігімен қолын байлап, сол бойда Мұғалжар аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген.

Қоғамдық орында билік өкіліне күш көрсетпек болған тұрғын енді абақтыда жатыр. Үстінен қылмыстық іс қозғалған.

0
0
188

Елордалық полицейлер бір аптада жылдамдықты арттырған 800-ге тарта жүргізушіні анықтады. «Bnews.kz», 12.08.2014ж.

Бір апта ішінде Астанада 6,5 мыңнан аса ЖҚЕ бұзушылығының жолы кесілді, соның ішінде 774 адам жылдамдықты арттырған, деп хабарлайды BNews.kz ІІД ӘПБ-ға сілтеме жасап.

Елордалық Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлағандай, өткен аптада жол қозғалысын қадағалау кезінде жол ережесін бұзудың 6,5 мыңнан аса фактісі тіркелді.

«Атап айтар болсақ, 774 факті жылдамдықты арттыруға қатысты, қауіпсіздік белдігін тақпай көлік айдағаны үшін 511 жүргізуші ұсталды, 134 – апат жағдайын тудырғаны үшін, 53 адам көлікті мас күйінде басқарған», - делінген хабарламада.

Бұған қоса, 540-тан аса жаяу жүргінші жол ережесін бұзды.

0
0
181

Адам саудасы. «Егемен Қазақстан», 08.08.2014ж.

Бұл – ауыр қылмыс Бұл күнде адам саудасы деген атауға жұртшылықтың еті үйреніп алды. Адам саудаланыпты десе үйреншікті жағдай секілді, мал сатылыпты дегендей ғана естілуі мүмкін. «Оу, саудаланған мал емес, адам ғой!» десеңіз де, бәрібір, ешкім селт етпейді. Өйткені қалай айтсаңыз да, бұл да бір заман үлесі. Оған қарсы тұруға бір елдің де күші жетпейді. Сондықтан адамды саудалайтын саудагерлермен күресті әлем қолға алды. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұған бастамашы болды. Сөйтіп, кеше ғана, өткен айдың 30 шілдесі – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні деп жарияланды. Енді осы жылдан бастап халықаралық қоғамдастық оны жыл сайын атап өтетін болады. Ал адам саудасына мысал көп. Періштедей пәк жаңа туған сәби­ден бастап, жасөспірімдер, жап-жас қыздар мен арулар, аяқ-қолы балғадай ерлер – бәрі…

0
0
878

Тұрсынбек ҚАБАТОВ: ЖОЛ САҚШЫЛАРЫНА ӨКПЕМ ЖОҚ!

Жарияланды: 15.07.2014 Тұрсынбек ҚАБАТОВ – қазақ әзіл әлеміне ерекше екпінмен келіп, жаңа леп берген өнер тарланы. Алғаш Көңілді тапқырлар клубында өнер көрсетіп, кейін халықаралық аренадан бір-ақ көрінген Тұрсынбек «Базар жоқ!» театрының тұсауын кесіп, көрермен көзайымына айналды. Бүгінде «Әзіл әлемі» деп атын өзгерткенмен, затын өзгертпеген атақты әзіл-сықақ театрының директоры Тұрсынбек Қабатовпен сұхбаттасудың да сәті түскен еді. – Ән мен әзілі бірге жымдасқан мұндай театр құру қайдан ойыңызға келді? – Жалпы, көрші Ресей халқының монолог түріндегі әзілдері маған бұрыннан ұнайтын. Біздің елде де осындай тамаша әдіс әзіл-қалжың театрларында қолданылса деп ойлайтынмын. Содан, сол ойым арманға, кейін мақсатқа ұласты. Астана қаласының әкімі – Иманғали Тасмағамбетовтің тікелей қолдауымен те…

0
0
892

Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, анықтау және ашу мақсатында ағымдағы жылдың 28 шілдесі мен 1 тамызы аралығында республика аумағында «SТOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараны өткізу мерзімінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері адам саудасымен байланысты 54 қылмысты анықтады, оның ішінде 1 – кәмелетке толмағандарды саудаға салу; 1 – кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту; 4 - жезөкшелікпен айналысуға тарту; 6 – пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру; 7 – адам саудасы; 35 – жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық. Мәселен, Алматы қаласының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері (бұдан әрі – ҰҚҚКБ) 32 жастағы әйелге қатысты Қазақстан Республикасының ҚК 235-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру) тергеу барысында тергеу қамауына алынған екі адам Алматы қаласының аумағында интимдік қызметтер көр…

0
0
468

2014 жылы 25- 27 шілде аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында «Мас жүргізуші — қылмыскер» республикалық шарасы өтті.

2014 жылы 25- 27 шілде аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында «Мас жүргізуші - қылмыскер» республикалық шарасы өтті. Бұл өңірде 6 айдың ішінде алкоголь ішімдігін пайдалану кесірінен 2 жол-көлік апаты тіркелген. Екі адам мерт болып, тағы екеуі жарақаттанған.   
Жол полициясының қызметкерлері мас күйінде көлікке отырғандарға қатысты 733 әкімшілік хаттама толтырып, сот шешімімен 772 адам жүргізуші куәлігінен айырылды.

0
0
220

Ақмола полицейлері жарты жыл бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты.

Ақмола полицейлері жарты жыл бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты. «ҚазАқпарат», 25.07.2014ж. Ақмола облысының полицейлері осыған дейін жасалған 16 қылмыстың бетін ашты. Оның ішінде Аршалы ауданындағы қарияның үйін де тоннап кеткендер бар. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Полицейлердің мәліметі бойынша, бүгінгі күні аталған қылмысқа қатысы бар деген күдіктілер анықталып, қамауға алынған. Жастары 22-23 шамасындағы күдіктілердің бірі осыған дейін де тонаушылықпен айналысқаны үшін сотталғаны белгілі болды. Еске сала кетсек, осыдан тура жарты жыл бұрын, яғни, ақпанның 9-і күні Аршалы ауданында таңғы сағат 07:00 шамасында бетперде киген үш белгісіз азамат қарияның үйіне түскен. Пластикалық терезе арқылы кірген қарақшылар үйдегілерді пышақпен қорқытып, 70 мың теңге ақша мен…

0
0
216

Астаналық полицейлер мемнөмірлерді жаппай ұрлаған адамды іздестіруде.

Астаналық полицейлер мемнөмірлерді жаппай ұрлаған адамды іздестіруде.
Полицияға нөмір белгілерінің ұрланғаны туралы барлығы 12 адам арызданды. Олар Астана қаласының Сарыарқа ауданының тұрғындары. Қазіргі таңда полицейлер адамдарды анықтау мен ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

0
0
194