Мазмұнға өту
mvdgovkz

mvdgovkz

Сайтта 2013 ж. 20 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

998

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

2

Оралда шойын балқыту пешінде 272 қару жойылды.


«КазАрмаПром» ЖШС-ның шойын балқыту пешінде ұзын саны 272 қару жойылды, оның 232-сі тегіс ұңғылы аңшылық қару болса, 35-і - шолақ мылтық, газды, пневматикалық, травматикалық, қолдан жасалған қарулар. Тіпті бір-бірден электрошокер мен кастет те бар. Мұның бәрі облыс азаматтарынан алынған немесе олар өз еріктерімен тапсырған қарулар.   
Оларға 6 миллиондай теңге төленген. Жалпы, бұл мақсатқа 13 млн. теңге қарастырылған.
Балқыту нәтижесінде 367 келі металл алынды, бұл биылғы жылдағы осындай екінші шара. 12 наурызда аталмыш зауытта 356 қару балқытылған болатын.

0
0
1084

Қызылордада ҚР ІІО қызметкерлері арасында шағын футболдан спартакиада басталды.


Қызылордада құқық қорғау органдары, күш және басқа да арнайы құрылымдар қызметкерлерінің арасында шағын футболдан ІІІ жазғы салалық спартакиада басталды.
Елімізде ішкі істер органдарының құрылғанына 22 жыл толуына арналған республикалық турнир «Динамо» спорт кешенінде 25 шілдеге дейін жалғасады. Оған ІІМ, ҰҚК, ТЖМ, ҚМ, ҚАЖК, ІІМ ішкі әскері, ҰҚК шекара қызметі, бас прокуратура, кедендік бақылау комитеті, қаржы полициясы, республикалық гвардия, президенттің күзет қызметі, ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командалары қатысады.
Спорттық бәсеке қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

0
0
392

Астанада онлайн бейнебақылаудың көмегімен 130-дан астам ереже бұзғандар анықталды.


Алты айдың ішінде «Тіршілік әрекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесімен» (ТКҚЖ) 138 ереже бұзушылық тіркелді. Соның ішінде 71 әкімшілік құқық бұзушылық және 28 жол-көлік оқиғасы бар.   
Айта кетейік, аталған жоба елордада қауіпсіздік деңгейі мен коммуналдық қызметтердің тиімді жұмысын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, ТКҚЖ Астанаға әлемнің дамыған «smart» қалаларының қатарына қосылуға мүмкіндік береді.

0
0
377

Алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыз.

Алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыз. «ҚазАқпарат», 22.07.2014ж. Қазіргі таңда елімізде алаяқтыққа қарсы күреске бағытталған жұмыстардың жанданып, жаңа сатыға көтерілгені дау тудырмаса керек. Мұның негізгі себебін күш біріктіре қолға алынып жатқан шаралар тізбегімен түсіндіруге болады. Таяуда ғана Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі азаматтарға қатысты алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық алдын алу жұмыстарының бірлескен жоспарын әзірлегені есте. Осы жоспар негізінде бірқатар нақты бағыттар мен міндеттер айқындалып, алаяқтық бойынша Үкіметтің жеке нормативтік қаулысын әзірлеу, мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында ведомстволық интернет-ресурстарда арнайы айдарлар ашу, алдау жолымен жеке мүлікті иеленуге қ…

0
0
466

Солтүстік Қазақстанда қылмыстарды ашуда иісшіл иттердің көмегі орасан.

Солтүстік Қазақстанда қылмыстарды ашуда иісшіл иттердің көмегі орасан. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері қызметтік иісшіл иттер полицейлерге 24 келі есірткі табуға көмектескен. «Жыл басынан бері облыс аумағында қызметтік иттердің көмегімен жалпы саны 246 қылмыс анықталды. Олардың 182-сі ұрлық, 20-сы тонау және 5-і қарақшылық шабуыл», - делінген хабарламада. Иісшіл иттер есірткі бизнесімен күресте де үлес қосқан. Биылғы жылы тәртіп сақшыларының төрт аяқты серіктестері 21 қылмысты ашуға көмектескен. 23 келі 691 грамм есірткі заты, оның ішінде 2 келі 297 гр героин тәркіленіпті. Бүгінгі күні облыстық ішкі істер департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 15 қызметтік ит бар. 7 ит қылмыскерлерді иіс арқылы іздеуге үйретілген, 2-і одорологиялық таңдау желісі, 3-і есірткіні, ал…

0
0
399

Қарағанды учаскелік полицейлері отандық жаңа көліктерге мінді.


Қарағанды облысы полицейлерінің паркі 153 автокөлікпен толықты.Полицейлерге жаңа қызметтік көліктер кілтін облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков табыстады.
Шарада өңір басшысы құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасы нығайып келе жатқанын атап өтті. Биылғы жылы облыстың ішкі істер органдарын жарақтауға 11 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Полиция өкілдеріне берілген отандық автокөліктердің 120-сы «Нива» маркалы болса, 32-сі - «Шкода». Бұдан басқа, «Тойота Хайс» маркалы көлік базасында құрылған «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешені сатып алынды. Ол жол-патрульдік полициясына арналған.

0
0
300

Көлік полицейлері Астана әуежайында іздеуде жүрген 57 жастағы алаяқты ұстады.

Көлік полицейлері Астана әуежайында іздеуде жүрген 57 жастағы алаяқты ұстады. «BNews.kz», 18.07.2014ж. Көлік полицейлері Астана әуежайында іздеуде жүрген 57 жастағы алаяқты ұстады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2014 жылдың 14 шілдесі күні Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері халықаралық Астана әуежайында «Астана-Шереметьево» бағытындағы ұшақтан 1 шілдеден бері алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 57 жастағы азаматты ұстады. 2013 жылдың 18 маусымында аталмыш азамат Семей қаласы тұрғынының сеніміне кіріп, алдау арқылы қаражатын иемденген. Алаяқ азаматшаға 1,2 миллион теңге көлемінде зардап тигізген. Жедел-алдын алу шаралары барысында ұсталған күдікті Астана қаласындағы тергеу абақтысына қамалды.…

0
0
107

Алматы қаласының ішкі істер департаментінде қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істей бастады.

Алматы қаласының ішкі істер департаментінде қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істей бастады. Бұл бөлім ІІД басшылығы және Департамент жанындағы Қоғамық кеңес мүшелерінің бастамасымен құрылды.
Қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, аталмыш бөлім тұрғындарға құқықтық тәртіпті қорғау мәселелерін шешуге қатысуға және Алматы полициясының қызметін жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімнің іске қосылуы - азаматтармен арада осындай байланыстың қажеттілігін көрсетіп отыр.

Қоғамдық қабылдау бөлімі тұрақты түрде әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері күндізгі сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бөлім ІІД бірінші қабатында орналасқан. Мекенжайы - Масанчи көшесі, 57 «А».

1
0
363

Екі ғасырлық тарихы бар мылтық полицейлерге тапсырылды.

Екі ғасырлық тарихы бар мылтық полицейлерге тапсырылды. «Baq.kz», 17.07.2014ж. Семей тұрғындарының бірі полиция өкілдеріне 1818 жылы жасалған тарихи мылтықты тапсырды. Құнды жәдігердің сыртында «Special-Gtwehr-Lauf Stahl» деген жазуы бар. Естеріңізге сала кетейік, елімізде бірнеше уақыттан бері тұрғындардан қару-жарақ қабылдау акциясы жүріп жатыр. Жүргізілген тексеруден кейін сарапшылар аталған мылтық дайындалған металдың құрамын анықтады. Айтуларынша, дәл мұндай материалдан қазір қару-жарақ жасалмайды екен. Тіпті, қару жасауда мұндай технология да қолданыстан шыққалы көп болған дейді олар. Ал, мылтықтың қапталында үш таңба бар. Мамандардың айтуынша, ол ірі бытырамен атқан. "Қазіргі таңда аталған мылтық ШҚО Ішкі істер департаментінде сақтаулы тұр. Алдағы уақытта оны құнды жәдігер ретінде…

1
0
276

Қазақстанда жыл басынан бері 3 мыңдай шетелдік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстанда жыл басынан бері 3 мыңдай шетелдік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1155 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көші-қон заңнамасынан бөлек құқық бұзушылықтар жасаған 1831 шетелдік те әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жарты жылда көші-қон заңнамасын бұзуға қатысты 27 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде 14-і мемлекеттік шекарадан заңсыз өту, 10-ы соттың елден кету жөніндегі шешімін орындамау, 3-і заңсыз көші-қон ұйымдастыруға қатысты.

Сонымен қатар сот шешімімен 20 шетелдік елден қуылды. Биылғы жылдың алғашқы алты айында 10 млн 908 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

0
0
158