2014 жылы 25- 27 шілде аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында «Мас жүргізуші — қылмыскер» республикалық шарасы өтті.
2014 жылы 25- 27 шілде аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында «Мас жүргізуші - қылмыскер» республикалық шарасы өтті. Бұл өңірде 6 айдың ішінде алкоголь ішімдігін пайдалану кесірінен 2 жол-көлік апаты тіркелген. Екі адам мерт болып, тағы екеуі жарақаттанған.
Жол полициясының қызметкерлері мас күйінде көлікке отырғандарға қатысты 733 әкімшілік хаттама толтырып, сот шешімімен 772 адам жүргізуші куәлігінен айырылды.
