Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәртіп сақшысы бұзақыны сабасына түсірді. «BNews.kz», 14.08.2014ж.

Ақтөбе облысында қылмыстық атқару жүйесінің қызметкері көше бұзақысын сабасына түсірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қандыағаш қаласында жұрттың беркесін қашырған жігітті инспектор тәртіпке шақырмақ болған. Оның жасаған ескертуіне бұзақы құлақ аспай, керсінше жұдырығын ала жүгіріпті. Спорттың бірнеше түрін меңгерген Ақтөбе облыстық қылмыстық атрау жүйесінің өкілі сол бойда оның соққысын денесіне дарытпай, қайта білегін қайыра қойыпты. Белдігімен қолын байлап, сол бойда Мұғалжар аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген.

Қоғамдық орында билік өкіліне күш көрсетпек болған тұрғын енді абақтыда жатыр. Үстінен қылмыстық іс қозғалған.

 
0
0
189

Осы тақырып бойынша

Тәртіп сақшысы бұзақыны сабасына түсірді. «BNews.kz», 14.08.2014ж. - Yvision.kz