Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола полицейлері жарты жыл бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты.

Ақмола полицейлері жарты жыл бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты. «ҚазАқпарат», 25.07.2014ж.
Ақмола облысының полицейлері осыған дейін жасалған 16 қылмыстың бетін ашты. Оның ішінде Аршалы ауданындағы қарияның үйін де тоннап кеткендер бар. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Полицейлердің мәліметі бойынша, бүгінгі күні аталған қылмысқа қатысы бар деген күдіктілер анықталып, қамауға алынған.

Жастары 22-23 шамасындағы күдіктілердің бірі осыған дейін де тонаушылықпен айналысқаны үшін сотталғаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, осыдан тура жарты жыл бұрын, яғни, ақпанның 9-і күні Аршалы ауданында таңғы сағат 07:00 шамасында бетперде киген үш белгісіз азамат қарияның үйіне түскен. Пластикалық терезе арқылы кірген қарақшылар үйдегілерді пышақпен қорқытып, 70 мың теңге ақша мен алтын әшекейлерді қолды қылып кеткен. Тергеу барысында анықталғандай, тонаушылар отбасы мүшелерін соққыға жығып, 160 мың теңгеге шығын келтірген.

Құқық қорғау қызметкерлеріне қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болмады. Алайда, араға жарты жыл салып барып тергеушілердің тынымсыз еңбегінің арқасында қылмыстың беті ашылып, күдіктілер қамауға алынды.

Қазіргі кезде, олардың үстінен ҚР ҚК 179 бабының 2 бөлімі (тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

0
0
217

Осы тақырып бойынша

Ақмола полицейлері жарты жыл бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты. - Yvision.kz