Мазмұнға өту
mvdgovkz

mvdgovkz

Сайтта 2013 ж. 20 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

998

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

2

Елорданың 500-ден астам тәртіп сақшысы велошеруге қатысты.

Елорданың 500-ден астам тәртіп сақшысы велошеруге қатысты. «Baq.kz», 16.06.2014ж. Астаналық полицейлер велосипедті тізгіндеді. Қазақстан полициясының күні қарсаңында ұйымдастырылған шараға Астана қаласы ІІД басшылығы мен жеке құрамы, Ішкі істер органының ардагерлері қатысты Қаршыға Кішкентаев, Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы бойынша ІІБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы: «Біз ардагер болсақ та, күніне 10-12 шақырым велосипедпен жүремін. Менімен бірге немерелерім де жүреді. Спорт деген өте жақсы нәрсе ғой. Сондықтан да барлық азаматтардан спортпен шұғылдануын сұраймын». Таңсәріден басталған велошеруге 500 астам полиция қызметкері қатысты. Олар жарты сағаттың ішінде «Атамекен» қорған кешенінің автотұрағынан бастап, «Қазақ елі» алаңына дейінгі қашықтықты бағындырды. Құралай Қабышева, Астана қа…

0
0
324

Сотталғандардың арасында жазғы спартакиада басталды — ҚР ІІМ.

Сотталғандардың арасында жазғы спартакиада басталды - ҚР ІІМ. «ҚазАқпарат», 16.06.2014ж.
Республиканың пенитенциарлық жүйесінде сотталғандардың арасында жазғы спартакиада басталды, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Дәстүрлі шараның негізгі мақсаты түзету орындарында жақсы моральдық-психологиялық жағдайды қалыптастыру.

Сондай-ақ, жазасын өтеушілердің күнделікті өмірінде  дене шынықтыру мен спортты енгізіп, салауатты өмір салтын насихаттау», - деді ҚАЖ жазасын өтеушілер арасында әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмыстарын жүргізу басқармасының бастығы Марат Таласбаев.

Жарыстар республиканың барлық түзету мекемелерінде болады. Спорт тәртібінің арасында футбол, волейбол, үстел теннисі, гір тасын көтеру және басқа да түрлері бар.

0
0
279

Алматы облысында бірден төрт есірткі сатушы ұсталды.

Алматы облысында бірден төрт есірткі сатушы ұсталды. «BNews.kz», 13.06.2014ж.Соңғы тәуліктерде Қаратал ауданы Үштөбе қаласында және Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында есірткі саудасымен күрес бойынша жедел шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. ІІД баспасөз қызметінің басшысы Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, Үштөбеде тәртіп сақшылары төрт есірткі нүктесін жойған, ал олардың қожайындары героин өткізді деген күдікпен қамауға алынды. Бұған қоса, соңғы үш күнде есірткіні заңсыз сақтаудың тағы бес фактісі анықталды, олардың арасында Шелек ауылының ұсталған тұрғыны бар. Күдіктінің үйінен 5 келіден астам марихуана тәркіленген. Бүгінгі күні маусымның басынан бері жүріп жатқан «Көкнәр» жедел шарасы кезінде өңір аумағында 12 есірткі қ…

0
0
435

Оралда жоғалған баланы Ұлттық гвардия сарбаздары тапты.

Оралда жоғалған баланы Ұлттық гвардия сарбаздары тапты. «BNews.kz», 12.06.2014ж. Орал Ұлттық гвардия сарбаздары жоғалған 4 жасар баланы шағын аудандардың бірінен тапты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ҚР Ұлттық гвардиясы «Батыс» ӨҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оралда ҚР Ұлттық гвардия сарбаздары күн сайын қала көшелерін аралап, тұрғындардың қауіпсіздігін күзетеді. Қоғамдық тәртіпті бұзғандарды полиция пункттеріне жеткізеді, ал жамандыққа тап болғандарға көмектеседі. ҚР Ұлттық гвардиясының 5517 әскери бөліміне кешкі уақытта 4 шағын ауданда 4 жасар баланың жоғалғандығы туралы хабарлама түседі. Барлық қызметтер мен күзеттерге хабар беріліп, дереу қызды іздеуге кіріседі. Дәл осы күні кешкі 19:30 шамасында 5517 әскери бөлімнің қызметекрі капитан Думан Құрсабаев пен автокүзет жүргізушісі с…

0
0
172

Оралдық полицей қыз Азия чемпионы атанды.

Оралдық полицей қыз Азия чемпионы атанды.
2014 жылғы 8 маусымда Монғолия астанасы – Улан-Баторда әйелдер күресі бойынша Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл сайыста ең мықты деген палуандар боз кілемде күш сынасты.
Оралдық тәртіп сақшысы полиция кіші лейтенанты Екатерина Ларионова өзінің мүмкіндігін әлем алдында тағы бір мойындатып, спортты тағы да бағындырды. Батысқазақстандық палуан жастар арасындағы әйелдер күресі бойынша 63 келіге дейінгі салмақпен «алтын» медальді иеленді. Жартылай финалда жапондықты, ал шешуші кезеңде монғолдық спортшыны тізе бүктірді.
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/FB93D8912DC21D01E044002655122E6A

0
0
306

Ақтөбеде «Автоураган-П» кешенінің көмегімен борышкерлерден 200 млн теңге өндірілді.

Ақтөбеде «Автоураган-П» кешенінің көмегімен борышкерлерден 200 млн теңге өндірілді. «BNews.kz», 10.06.2014ж. Ақтөбенің жол сақшылары «Автоураган-П» кешенінің көмегімен борышкерлерден мемлекетке 200 миллион теңге өндірді. Жыл басында Ақтөбе облыстық ІІД жылжымалы кешен сатып алған болатын. Оның көмегімен көшеде кетіп бара жатқан кез-келген күдікті көлік пен жүргізуші туралы ақпарат алуға болады. Тіпті, қаптаған көлік нөпірінің ішінен жалған мемлекеттік нөмір тағып алғандарды да дөп табады. «Соңғы бес ай ішінде «Автоураган-П» жылжымалы кешенінің көмегімен 3309 көлік жүргізушісі тексерілді. 9 жүргізушінің темір тұлпарына жалған мемлекеттік нөмір тағып алғаны, 35 жүргізушінің куәлігінен айрылып қалса да, көлік тізгіндеп жүргендігі анықталды. Ал 2 жүргізуші жалған құжаттармен ұсталды»,-дейді А…

0
0
213

БҚО ішкі істер департаментінің оқу-жаттығу полигоны ашылды.

БҚО ішкі істер департаментінің оқу-жаттығу полигоны ашылды. «ҚазАқпарат», 09.06.2014ж. Шалқар көлі жағасында БҚО ішкі істер департаментінің оқу-жаттығу полигоны ашылды. Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындығын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес оқу-жаттығу жиыны осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Полигонның ашылу рәсіміне қатысқан ҚР Ішкі істер министрлігі кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Құрымбаев жеке құрамға «Ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңын түсіндіріп, Елбасы Жолдауының басты бағыттарына тоқталды. БҚО ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Рахметов полигонды ашу жолында еңбек еткен қызметте…

0
0
460

ШҚО-да қызметте қаза болған полицейлердің балалары тегін жолдамалар алды.

ШҚО-да қызметте қаза болған полицейлердің балалары тегін жолдамалар алды. «BNews.kz», 09.06.2014ж. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған ШҚО ішкі істер органдары қызметкерлерінің балалары жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін жолдамалар алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Биыл шығысқазақстандық полицейлердің 25 баласы жазғы демалыстарында сауықтыру лагерлерінде тегін демалып, денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік алды. Облыстық ІІД қызметкерлерінің балаларына бұндай мүмкіндікті «Қазмырыш» акционерлік қоғамы берді. ІІД әйелдер кеңесі отырысында жолдамаларды бірінші кезекте қызметте қаза болған полицейлердің балаларына беру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, тегін жолдамалар ІІД қызметкерлерінің көп балалы отбасылары мен осы салада жұмыс істейтін жалғыз басты аналарға беріледі», -…

0
0
191

Алматыда тұңғыш рет «Қылмыстық-атқару жүйесінің Аруы» байқауы өтті.

Алматыда тұңғыш рет «Қылмыстық-атқару жүйесінің Аруы» байқауы өтті. «ҚазАқпарат», 09.06.2014ж. Алматыда ҚР әскерилер үйінде (бұрынғы офицерлер үйі) тұңғыш рет Алматы қаласы мен Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесінің нәзік жанды қызметкерлері арасында «Қылмыстық-атқару жүйесінің Аруы» атты облыстық байқау өтті, деп хабалады Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен. «Мұндай мәдени-бұқаралық шара бізде бірінші рет өткізіліп жатыр. Ол «Қазақстан полициясы күні» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды. Бұл байқауға өздерінің түзету мекемелерінде іріктеу турларынан өткен 10-нан астам бойжеткен қатысты», - деді өз сөзінде департамент бастығының орынбасары Ернат Ақылжанов. Байқауға қатысушылар бірнеше аталымдар бойынша бақ сынасты. Олар: зияткерлік қабілеті,…

0
0
582

Алматы облысының тұрғындары бір апта ішінде 98 қару-жарақ тапсырды.

«BNews.kz», 06.06.2014ж.
Бір апта ішінде Алматы облысының тұрғындары өз еркімен 98 дана қару-жарақ пен 8 келі жарылғыш зат тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Алматы облысы ІІД-да ұсынылған ақпаратқа сүйенсек, халықтан қару-жарақ сатып алуға 21 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Ресми статистикаға сәйкес соңғы бір жарым ай ішінде Алматы облысының полицейлері жергілікті тұрғындардан 332 дана қару-жарақ қабылдаған.

Соңғы апта ішінде тұрғындар өз еркімен 98 дана қару-жарақ пен 8 келі жарылғыш зат тапсырған. Әсіресе Сарқан және Райымбек аудандарының тұрғындары өте белсенді. Бұған қоса, Текелі қаласы тұрғындарының бірі полицейлерге өз еркімен тротил тапсырды.

0
0
218