Алматы облысында бірден төрт есірткі сатушы ұсталды.
Алматы облысында бірден төрт есірткі сатушы ұсталды. «BNews.kz», 13.06.2014ж.
Соңғы тәуліктерде Қаратал ауданы Үштөбе қаласында және Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында есірткі саудасымен күрес бойынша жедел шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.
ІІД баспасөз қызметінің басшысы Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, Үштөбеде тәртіп сақшылары төрт есірткі нүктесін жойған, ал олардың қожайындары героин өткізді деген күдікпен қамауға алынды.
Бұған қоса, соңғы үш күнде есірткіні заңсыз сақтаудың тағы бес фактісі анықталды, олардың арасында Шелек ауылының ұсталған тұрғыны бар. Күдіктінің үйінен 5 келіден астам марихуана тәркіленген.
Бүгінгі күні маусымның басынан бері жүріп жатқан «Көкнәр» жедел шарасы кезінде өңір аумағында 12 есірткі қылмысы анықталды, оның 7-уі есірткіні өткізу фактісі.
«Акция кезінде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бес келіден асты, оның 10 грамы героин», - деп түйіндеді ІІД-дан.
