Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы облысының тұрғындары бір апта ішінде 98 қару-жарақ тапсырды.

«BNews.kz», 06.06.2014ж.
Бір апта ішінде Алматы облысының тұрғындары өз еркімен 98 дана қару-жарақ пен 8 келі жарылғыш зат тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Алматы облысы ІІД-да ұсынылған ақпаратқа сүйенсек, халықтан қару-жарақ сатып алуға 21 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Ресми статистикаға сәйкес соңғы бір жарым ай ішінде Алматы облысының полицейлері жергілікті тұрғындардан 332 дана қару-жарақ қабылдаған.

Соңғы апта ішінде тұрғындар өз еркімен 98 дана қару-жарақ пен 8 келі жарылғыш зат тапсырған. Әсіресе Сарқан және Райымбек аудандарының тұрғындары өте белсенді. Бұған қоса, Текелі қаласы тұрғындарының бірі полицейлерге өз еркімен тротил тапсырды.

0
0
220

Осы тақырып бойынша

Алматы облысының тұрғындары бір апта ішінде 98 қару-жарақ тапсырды. - Yvision.kz