Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елорданың 500-ден астам тәртіп сақшысы велошеруге қатысты.

Елорданың 500-ден астам тәртіп сақшысы велошеруге қатысты. «Baq.kz», 16.06.2014ж.
Астаналық полицейлер велосипедті тізгіндеді. Қазақстан полициясының күні қарсаңында ұйымдастырылған шараға Астана қаласы ІІД басшылығы мен жеке құрамы, Ішкі істер органының ардагерлері қатысты

Қаршыға Кішкентаев, Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы бойынша ІІБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы: «Біз ардагер болсақ та, күніне 10-12 шақырым велосипедпен жүремін. Менімен бірге немерелерім де жүреді. Спорт деген өте жақсы нәрсе ғой. Сондықтан да барлық азаматтардан спортпен шұғылдануын сұраймын».

Таңсәріден басталған велошеруге 500 астам полиция қызметкері қатысты. Олар жарты сағаттың ішінде «Атамекен» қорған кешенінің автотұрағынан бастап, «Қазақ елі» алаңына дейінгі қашықтықты бағындырды.

Құралай Қабышева, Астана қаласы Көші-қон полиция басқармасының аға инспекторы: «Спортпен айналысамыз. Бүгінгі мақсатымыз шеруді ары қарай нығайту, жандандыру. Былтыр да қатысқан едік. !шкі істер органында 15 жылдай қызмет етемін. Отбасым, екі балам бар. Барлығына үлгеруге тырысамын».

Таңғы самалмен сергіп, бой жазып алған тәртіп сақшылары қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті.

0
0
325

Осы тақырып бойынша