Сотталғандардың арасында жазғы спартакиада басталды — ҚР ІІМ.
Сотталғандардың арасында жазғы спартакиада басталды - ҚР ІІМ. «ҚазАқпарат», 16.06.2014ж.
Республиканың пенитенциарлық жүйесінде сотталғандардың арасында жазғы спартакиада басталды, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Дәстүрлі шараның негізгі мақсаты түзету орындарында жақсы моральдық-психологиялық жағдайды қалыптастыру.
Сондай-ақ, жазасын өтеушілердің күнделікті өмірінде дене шынықтыру мен спортты енгізіп, салауатты өмір салтын насихаттау», - деді ҚАЖ жазасын өтеушілер арасында әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмыстарын жүргізу басқармасының бастығы Марат Таласбаев.
Жарыстар республиканың барлық түзету мекемелерінде болады. Спорт тәртібінің арасында футбол, волейбол, үстел теннисі, гір тасын көтеру және басқа да түрлері бар.
