ШҚО-да қызметте қаза болған полицейлердің балалары тегін жолдамалар алды.
ШҚО-да қызметте қаза болған полицейлердің балалары тегін жолдамалар алды. «BNews.kz», 09.06.2014ж.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған ШҚО ішкі істер органдары қызметкерлерінің балалары жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін жолдамалар алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Биыл шығысқазақстандық полицейлердің 25 баласы жазғы демалыстарында сауықтыру лагерлерінде тегін демалып, денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік алды. Облыстық ІІД қызметкерлерінің балаларына бұндай мүмкіндікті «Қазмырыш» акционерлік қоғамы берді. ІІД әйелдер кеңесі отырысында жолдамаларды бірінші кезекте қызметте қаза болған полицейлердің балаларына беру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, тегін жолдамалар ІІД қызметкерлерінің көп балалы отбасылары мен осы салада жұмыс істейтін жалғыз басты аналарға беріледі», - деді ШҚО ІІД бастығының орынбасары Жанболат Кәлетаев.
