Оралдық полицей қыз Азия чемпионы атанды.
Оралдық полицей қыз Азия чемпионы атанды.
2014 жылғы 8 маусымда Монғолия астанасы – Улан-Баторда әйелдер күресі бойынша Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл сайыста ең мықты деген палуандар боз кілемде күш сынасты.
Оралдық тәртіп сақшысы полиция кіші лейтенанты Екатерина Ларионова өзінің мүмкіндігін әлем алдында тағы бір мойындатып, спортты тағы да бағындырды. Батысқазақстандық палуан жастар арасындағы әйелдер күресі бойынша 63 келіге дейінгі салмақпен «алтын» медальді иеленді. Жартылай финалда жапондықты, ал шешуші кезеңде монғолдық спортшыны тізе бүктірді.
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/FB93D8912DC21D01E044002655122E6A
