Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері жауынгерлік машықтарын жетілдіруде

Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінің әскери қызметшілері ұшақтан жоспарлы парашютпен секіру жаттығуларын орындауда. Әскери десантшылар 2014 жылғы Әскерлердің жауынгерлік даярлық жоспары аясында әскери-көлік авиациялық техникасынан секіру сынды қабілеттерін жетілдіруде. Әскери-әуе даярлығының басты мақсаты жеке құрамның тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканы кез келген аймаққа орналастыру болып табылады. Парашютпен жерге секірмес бұрын әскери қызметшілер мұқият даярлықтан өтеді, десанштылармен нұсқаулық сабақтары жүргізіледі, олар офицерлерге сынақ тапсырады және жақсы жабдықталған әртүрлі әуе-десант кешендеріндегі тренажерлерінде жерге қауіпсіз қону бойынша арнайы жаттығулар жүргізілетінін…

0
0
1056

Колледж студенттері тау-атқыштар бригадасында болып қайтты

Жамбыл қазақ-түрік есепке алу-экономикалық колледжінің бірінші курс студенттері подполковник Куанышбек Үштаев басшылық ететін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тау-атқыштар бригадасын аралап қайтты. Қонақтарды бригададағы тәрбие құрылымының өкілі жастармен жұмыс жөніндегі офицері капитан Бекболат Жандарбеков қарсы алып, ертіп жүрді. Студенттерді бригада тарихы, оның қызметі мен міндеттері, сондай-ақ күнделікті тыныс-тіршілігінен хабардар етті. Айта кетерлігі, тау-атқыштар бригадасы жүз пайызға келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданған әскери қызметшілерден тұрады. Сондықтан саяхат барысында жеткіншектер үйреншікті фильмдерден көретін казармаларды көрген жоқ. Қазіргі келісімшарт бойынша қабылданған сарбаздар қызмет аяқталған соң өз отбасына қайтады. Тау-атқыштар бригадасының тағы бі…

0
0
513

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында ең үздік әскери санитар атағы үшін сайыс өтті

Семей гарнизонындағы 44793 әскери бөлімінің базасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ең үздік санитар нұсқаушысы атағы үшін сайыс өткізілді. Сайысқа қатысушылар жаралыларға көмек көрсету бойынша теориялық білімдері мен практикалық қабілеттерін ортаға салды. Алдымен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының түрлі әскери бөлімдерінен келген санитар нұсқаушылар мен фельдшерлер дәрігерлік көмек көрсетілгенге дейінгі жедел көмек көрсету бойынша, әскери-медициналық, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық және эпидемиялық іс-шараларға қатысты теориялық сұрақтарға жауап берді. Практикалық бөлімде сайысқа қатысушылар арнайы Ш-4 белдіктерін қолдана отырып, бронды тасымалдаудан жаралыларды алып шығудан уақытқа сайысты. 2014 оқу жылғы үздік санитар нұсқаушы сайысының нәтижесі бойынша бірінші орынды 44793 әскери бөлі…

0
0
473

Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі жұмыстар туралы

Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірқатар атышулы қоғамдық резонанс тудырған істерге қарамастан, соңғы 3 жыл ішінде армиядағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жүргізілген талдау әскерлердегі сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендегенін көрсетеді. Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстары 2011 жылдан бері қарай 46 пайызға яғни 41-ден 22-ге төмендеген (2012 жылы 23-ке). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және барлық әскери басқару органдарының жұмысын үйлестіру бойынша оң нәтижеге қол жеткізу мақсатында 2014 жылы Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жұмыстарының тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі іс-шаралар Жоспары бекітілді. Жоспарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау тәуекелі жоғары лауазымдар тізімін кеңейту көзделіп отыр. Осындай лауазымда…

0
0
612

ҚР Қорғаныс министрлігі:«Шанхай» және «Мәскеу» Келісімдері шеңберінде тәжірибе алмасу

Астанада шекаралық аудандарда Қарулы Күштерді қысқарту өзара сенім шараларын нығайту жөніндегі «Шанхай» және «Мәскеу» Келісімдерін жүзеге асыру бойынша өңірлік тәжірибе алмасу семинарлары өтуде. Аталған халықаралық семинарға Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан мен Қытай Халық республикасы, сондай ақ Қарулы Күштер мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысуда. Семинар Бірлескен Бақылау Тобының 29-шы сессиясында Қытай және Бірлескен Тараптар (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) делегациялары басшыларының шешіміне сәйкес өткізілуде. Делегаттар екі Келісімнің инспекциялық және ескерту қызметінің сенім шараларын нығайту және Қарулы Күштер мен ҚХР Бірлескен Тараптардың Шекара қызметінің шекара маңындағы аудандардағы бөлімдерінің өзара ынтымақтасты…

0
0
337

ҚР Қорғаныс министрлігі:Талдықорған гарнизонында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-насихаттау тобы Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысымен танысу мақсатында Талдықорған гарнизонындағы жұмысын бастады. Талдықорған гарнизонында Аэроұтқыр әскерлерінің десантшылар бөлімі мен авиациялық әскери бөлім шоғырланған. Жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерімен ерекшеленген десантшылар бөлімінің жеке құрамы ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің құрамына кіреді. Бригаданың жеке құрамы толықтай келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақталған. Жеке құрам заманауи қару жарақ және әскери техникамен жарақтанған және ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының кез келген тапсырмасын орындауға әзір. Әскери ұшқыштар еліміздің әуе кеңістігін қорғауда жа…

0
0
451

«Кәсіпқой маман – Армия негізі»: Аэроұтқыр әскерлерінде командирлердің жиыны өтуде

Бүгін Іле полигонында (Алматы облысы) ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің батальон командирлері мен штаб бастықтарының онкүндік жиыны басталды. Жиын мақсаты - офицерлердің теориялық дайындығын жүргізу және негізгі оқу пәндері бойынша қатысушыларды басшылық құжаттардың талаптарымен таныстыру. - Бұл сабақтар ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері бөлімдері мен бөлімшелерінің ұдайы жауынгерлік әзірлігін қолдауға көмектеседі. Осындай жиындардың арқасында әскери қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін білікті және сенімді орындау үшін кәсіби даярлықтарын жетілдіретінін ерекше атап өткен жөн, - дейді жиын басшысы полковник Владимир Мариич. Іс-шараның қорытындысы бойынша батальон командирлері мен штаб бастықтары жауынгерлік, техникалық және тылдық қамтамасыз ету қамтамасыз ету бойынша сынақтар тапсырып, ола…

0
0
310

ҚР Қарулы Күштерінің сержанты «Погон таққан арулар — 2014» сұлулық сайысының жеңімпазы атанды

8 наурыз мерекесі қарсаңында Қарағанды қаласында әскери қызметші әйелдердің «Погон таққан арулар - 2014» атты сұлулық және кәсіби шеберлік сайысы өтті. Атақ үшін ҚР Қарулы Күштері, Төтенше жағдайлар министрлігі және Шекара қызметінің Қарағанды гарнизоны бойынша әскери бөлімдерінің 14 өкілі бақ сынасты. «Жауынгерлік даярлық» кезеңінде арулар ату қаруынан дәлдеп атудың мергені болып танылды. Содан кейін сайыскерлер кешкі сән үлгісіндегі көйлектермен шықты, өздерінің шығармашылық және аспаздық қабілеттерін паш етті. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша «Астана» өңірлік қолбасшылығына бағынысты 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант Жаңагүл Жарқымбекова «Погон таққан арулар – 2014» сайысының бас жүлдесі – Гран-при жеңіп алды. Бірінші вице мисс ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің кіші сержанты…

0
0
522

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында бейнебақылаудың заманауи жүйесі енгізілді

2014 оқу жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Кәсіпқой маман – армия негізі» ұранымен өтуде. Осыған байланысты Қарулы Күштерде қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен қайта жарақтандыру үрдісі жалғасуда. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 16443 әскери бөлімінде қазіргі заманғы байланыс құралдарымен жарақтанған бөлім кезекшісінің жаңа бөлмесі ашылды. Бейне бақылау жүйесі, күзеттің заманауи техникалық құралдары жеке құрамның жеделдігін және ұтқырлығын арттырады. Енді бөлім кезекшісі бөлім аумағын арнайы пульттен бақылай алады және дабылды жағдай туралы алғашқы боп ақпарат ала алады. Сондай-ақ, бейнебақылаудың жаңа жүйесі орын алған оқиға туралы ақпараттарды сақтауды қамтамасыз етеді. Әскери бөлім кезекшісінің қызмет орны да жаңаша жетілдірілді. Онда жауынгерлік қызме…

0
0
338

Ісіне адал жан

Бүгінгі таңда Қазақстан армиясының сапында қыз-келіншектер ер-азаматтардан қалыспай абыроймен қызмет етеді. Құрлық әскерлерінің Әскери институтында 100 ден астам әскери нәзік жан Отан қорғаны болып жүр, 37 офицер, 88 келісімшарт қызметкері. Жоғарғы жауапкершілігімен, асқан ұқыптылығымен, тиянақтылығымен ерекшеленетін қыз-келіншектер корпусының әскери институт сапында алар орны айрықша. Қысқаша айтқанда институтта әскери әйелдердің 15 пайызы болашақ офицерлерге дәріс береді, 65 пайызы оқу үрдісін қамтамасыз етеді, қалған қыз-келіншектер медицина және байланыс салаларында оқу үрдісіне өз үлестерін қосып жүр. Көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында, Құрлық әскерлері Әскери институтының Оқу үрдісін қамтамасыз ететін батальонының медициналық пунктінің бастығы ке…

0
0
793