Жұмысы жемістінің – өмірі келісті
Қыз, ару, келіншек, әйел деген ұғымдар қазақ халқының тұрмысында қашанда маңызды болып табылады. Өйткені, дүниеге ұрпақ алып келу, оған мәнді тәрбие беру, өз шаңырағының жалауы, отбасының ұйытқысы бола білу әрқашан әйел қауымымен тікелей байланысты. Ал, қазіргі ақпараттық кеңістіктің дамыған заманында нәзік жанды аруларымыз қоғамның барлық салаларында да өзінің өзектілігін жоғалтпаған. Бүгінде тіпті нәзік жанды аруларымыздың Қарулы Күштер қатарында қызмет етуі ерекше мақтанарлық жайт. Егеменді еліміздің Қарулы Күштерінде ер азаматтарымызбен қатар иық тіресе әскери қызметті өтеуде ерлік танытып жүрген аруларымыздың саны аз емес. Олар өз алдарына қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда әрқашан бастамашылық танытып жүреді. Солардың қатарына Құрлық әскерлері Әскери институты еуропа…