Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Әскери әуе күштеріндегі жаттығу ұшулары

Астана қаласында ү.ж. 7 мамырда өтетін әскери парадқа даярлық аясында ҚР Әскери әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары Астана және Қарағанды авиабазаларына көшірілді.

Авиация техникасын көшіру Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Н.Орманбетовтің басшылығымен жүзеге асырылды. Мұнда ұшу құрамы жаттығу ұшуларының элементтерін пысықтайтын болады. Кәсіби шеберлік, тәртіп пен бірлесе жұмыс істей білу мәселелеріне айрықша назар аударылады.

Авиация генерал-майоры Н.Орманбетов:

- Қазіргі уақытта біз жұп болып және буындар құрамында ұшуды пысықтау үстіндеміз. Біздің ұшқыштар жоғары деңгейде даярланған, олар өз шеберліктерін ұдайы жетілдіріп, шыңдап отырады. Олар мемлекеттік маңызы бар міндетті үздік атқарып шығады деп санаймын, - деп атап өтті.

Шерулік саптың жалпы ұшу ретімен майдан, армия авиациясының және әскери-көліктік авиацияның топтары өтеді. Астанада «Қазақ елі» алаңының үстімен Қазақстан Әскери әуе күштерінің 70-тен астам авиациялық техника бірлігі ұшып өтеді.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
297

Осы тақырып бойынша

ҚР Әскери әуе күштеріндегі жаттығу ұшулары - Yvision.kz