Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бүгін Әзербайжанда ресми сапармен жүрген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов сол елдің қорғаныс ведомствосының басшысы Закир Гасановпен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. С. Ахметов қорғаныс саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту қажеттігін және оның тек ел үшін ғана емес, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға сеп болатынын атап өтті. Қазақстан Қорғаныс министрі әзербайжандық әріптесін биылғы 22-25 мамыр аралығында Астанада өтетін үшінші халықаралық «KADEX-2014» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға шақырды. Ол, сондай-ақ З. Гасановты өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Өз кезегінде Әзербайжан қорғаныс ведом…

0
0
381

Әскерлердің бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды

Алматы облысындағы «Көктал» оқу полигонында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің қатысуымен Аэроұтқыр әскерлерінің бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі өтті. Жаттығудың қорытынды кезеңінде Құрлық әскерлерінің десантты-шабуылдаушы бөлімшелері шартты қарсыласты қоршау және жою сияқты арнайы әскери іс-қимылдарды жүргізді. Оқу-жаттығудың мәні бойынша барлау күштері төңіректегі аудандардың біріне заңсыз қаруланған құрылымдардың жиналғанын байқайды. Шартты қарсыласқа қарсы арнайы әскери іс-қимылдарды жүргізу үшін Аэроұтқыр әскерлерінің Алматы, Талдықорған, Қапшағай және Сарыөзек гарнизондарында шоғырланған әскери бөлімдері жауынгерлік әзірлікке келтірілді. Тұрақты шоғырланған жерінен жауынгерлік мақсаттағы ауданға көп шақырымдық марш жасау кезінде Аэроұтқы…

0
0
822

ҚР Қорғанысминінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы жалпықалалық сенбілікке қатысты

ҚР Қорғанысминінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін а.ж. 19 сәуірде Астанада ҚР Қорғанысминінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы белсенді түрде дәстүрлі жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Сенбілікке тартылған Бас қорғаныс ведомствосының қызметкерлері белгіленген секторда тазалық жұмыстарын жүргізді. Жерді тұрмыстық қоқыстардан, қураған жапырақтар мен шыбықтардан тазартты.

- ҚР ҚМ Орталық аппаратының жеке құрамы дәстүрлі өтіп келе жатқан жалпықалалық сенбілікке тартылды. Бізге аэропортқа апаратын жол бойы белгіленді. Бұл іс-шараға 300-ден астам адам қатысуда, – деп атап өтті ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының орынбасары полковник Қайсар Мұғалов.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
523

Астанада әскери парадқа дайындық өтуде

Бүгін тілшілер тобы ү.ж. 7 мамыр қарсаңында Астана қаласындағы «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери парадқа дайындыққа қатысты. 14 сәуірден бастап таңертеңнен кешке дейін 2,5 мыңнан астам сарбаз бен офицерлер парадқа дайындалуда. 300-ге жуық техника бірліктері мен қару-жарақ салтанатты іс-шараға тартылады. Лагерлік жиындарда әскердің барлық түрлері, сонымен қатар ІІМ, ТЖМ және ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері қатысады. Бұл парадтың басты ерекшелігі – оның технологиялық сипатында. Негізгі басымдық қазақстандық Армияның жаңа және заманауи үлгілеріне беріледі, - деп атап өтті ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Жұмабек Хасенов. Лагер жиынының штаб бастығы полковник Қасымсейіт Өмірбеков парадқа қатысу үшін еліміздің бар…

0
0
553

Халықаралық әскери бақылаушылар Қазақстанда болды

Франция, Бельгия және Нидерландыдан келген әскери бақылаушылардың инспекциялық тобы Қазақстан аумағындағы «көрсетілген ауданда» инспекция өткізді. Іс-шара ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының ережелеріне сәйкес өткізіліп отыр. Семей, Аягөз гарнизондарының бөлімдерін инспекциялау барысында инспекциялық топпен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор М. Бектанов кездесті. Әскери бөлімдерде болған халықаралық инспекторлар біздің еліміздің Вена құжатының ережелерін толықтай орындайтындығын растады, бұл Қазақстанның халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде өзіне алынған міндеттемелерді қатаң сақтайтындығын кезекті рет дәлелдеді. Шетелдік инспекторлар қазақстандық әскери қызметшілердің…

0
0
353

Әуе қорғанысы күштері әскери парадқа дайындалуда

Талдықорған, Шымкент гарнизондарындағы 21751 және 55652 әскери бөлімдерінің авиациялық техникалары, ұшақтары мен тікұшақтары Қарағанды аэродромына шоғырланды. Бұл шара ағымдағы жылғы 7 мамырда Отан қорғаушылар күні өтетін әскери парадқа дайындық шеңберінде жүргізілді. Қазақстандық әскери ұшқыштар парадта әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндігін паш етіп, әуе ұрысының жаңа элементтері мен жоғары пилотажды көрсетеді. Әскери парадта жоғары білікті ұщқыштар: полковниктер Қайрат Баймаханов, Нұрболат Топаев, Александр Соснин, Нұрлан Байдуллаев, Талғат Сыздықов, Рүстем Тілеумағамбетов, подполковниктер Ерлан Науанов, Александр Петручик, Тимур Омаров, Теміртас Ибраев Әуе қорғанысы күштерінің ұшу жетістігін көрсететін болады. Ұшқыштардың дайындығына ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы ав…

0
0
550

«Танк биатлоны — 2014» үшін үздік экипаждар

2014 жылғы 23-24 сәуірде 10810 әскери бөлімінің (Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы) «Майлин» полигонында ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің «Танк биатлоны-2014» жарысы өтеді. Іс-шараның қорытындысы бойынша «Танк биатлоны-2014» халықаралық чемпионатына қатысу үшін ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің үздік танк экипажы анықталатын болады. Жарысқа «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары мен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінен 12 танк экипажы қатысады. Экипаждар Т-72 танкісімен 4 шақырымдық айналымды 3 рет жүріп өтіп, барлығы 12 шақырым қашықтықта дербес жарысқа түседі. Оның бірінші айналымын танкілік калашников пулеметінен ату, екінші айналымын зенитті пулеметтен ату және үшінші айналымын 125 мм танкілік зеңбіректен ату құрайды. Жарыс шеңберінде танктер су кедергісінен, «жауынгерлік көпірде…

0
0
493

Қазақстан Қарулы Күштері тарихында десантшылар тұңғыш рет түнгі жағдайда су кедергілерінен соғыса жүріп өтті

Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында Аэроұтқыр әскерлері тұңғыш рет түнгі жағдайда судан соғыса өту қимылдарын жүзеге асырды. Екі жүзден астам ауыр және дөңгелекті техника шынайы жауынгерлік жағдайда су кедергілерін кесіп өтті. Осы мақсат үшін инженерлік бөлімшелер Іле өзеніне понтонды көпір қойды. Түн қараңғылығында осы көпірден артиллерияның сүйемеледеуі арқылы десантты-шабуылдаушы бөлімшелердің техникалары жүріп өтті. Өзеннен өту қимылдары Аэроұтқыр әскерлерінің бөлімшелері қатысқан бригадалық-тактикалық оқу-жаттығулар шеңберінде жүргізілді. Осының алдында ғана таңғы сағат алтыда 4 гарнизонның бригадалары дабыл бойынша көтерілген болатын. Бірнеше шақырымдық марш жасаған бөлімшелер Іле өзенінен өту үшін лектерді жасақтау ауданына топтасты. Осымен бір мезгілде бригадалық-тактикалық оқу-…

0
0
238

Қазақстан Республикасының Аэроұтқыр әскерлерінде бригадалық-тактикалық жаттығулар басталды

Бүгін ҚР Қарулы Күштерінің Аэроұтқыр әскерлерінде бригадалық-тактикалық жаттығулар басталды. ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес бригалық-тактикалық оқу-жаттығулар 2014 жылғы 14-18 сәуір аралығында өтеді. Оқу-жаттығулар бірнеше кезеңнен тұрады. 2014 жылғы 14 сәуірде Аэроұтқыр әскерлері толық жауынгерлік әзірлікке келтірілді және шартты жауынгерлік іс-қимыл аудандарына жеткізілді. Жауынгерлік аудандарға марш жасау барысында десантшылар басқару, өзара әрекет ету, бөлімшелердің ауызбірлігі мәселелері шешіледі және түнде Іле өзенінен жүзіп өтеді. Аэроұтқыр әскерлерінің төрт гарнизоныны үш бағыт бойынша көпшақырымды марш жасайды. - Өткізілетін оқу-жаттығудың ерекшелігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет техниканы өзен арқылы түн…

0
0
402

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында кадеттіктер тағылымдамадан өтті

«Шығыс» өңірлігіне қарасты 10810 мен 40398 әскери бөлімдерінде Ш.Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусының 48 кадеті 3 ай бойы әскери тағылымдамадан өтті. Жыл сайын өткізілетін тағылымдаманың мақсаты сержанттардың кәсіби білімдерін, машықтарын бекіту, әрі жетілдіру, сондай-ақ практикалық бағытын арттыру болып табылады. Сол арқылы атқаратын лауазымының міндеттерін орындаудағы кәсіби және ұйымдастырушылық қабілетін меңгеруге септігі тиеді. Тағылымдамадан өту кезінде кадеттіктер мотоатқыштар бөлімшелері мен танк командирлерінің лауазымдарын атқарды. Бөлімшелерде жауынгерлік және арнайы даярлық пәндері бойынша сабақтар өткізді. Әр айдың соңында бөлімше сержанттары тактикалық, ату, дене, арнайы, саптық даярлықтары, жауынгерлік көліктерді жүргізу, жаппай зақымдау қаруынан қорғану, жалпыәскери ж…

0
0
307