Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Министр қорғаныс өнеркәсіп кәсіпорнындарына барды

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі С.Ахметов Петропавлда орналасқан  қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындарын аралады.

С.Ахметов «Ауыр машина жасау Петропавл зауыты», «С.М.Киров атындағы зауытта» және «Мұнаймаш» зауытына барып, кәсіпорындарындардың өндірістік-технологиялық мүмкіндіктерімен, шығарылатын өнімдер желілерімен танысты.

Министрге зауыт өкілдері өз өнімдерін ү.ж. 22-25 мамырда Астана қ. өтетін үшінші халықаралық «KADEX-2014» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне ұсынуға дайын екендіктерін жеткізді.

С.Ахметов ҚР Қарулы Күштерін одан әрі жетілдіру және қайта қару-жарақтандыруда, армияның жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеті мәселелерін шешуде қорғаныс-өнеркәсіп кешендерін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
571

Осы тақырып бойынша