Баспасөз хабарламасы
Энергетика министрлігінде ЭКСПО-да ұсынылған жаңа технологиялардың іс жүзінде жүзеге асу мәселелері талқыланды
6 желтоқсанда Жалпы ұлттық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде таныстырылған баламалы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ғылыми өнертабыстарды іс жүзінде енгізу және пайдалану бойынша жүйелі жұмысты құруды тапсырды. Аталған тапсырмаға сәйкес, 7 желтоқсанда Энергетика министрлігінде ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің төрағалығымен энергетика, экология, ЖЭК, мұнай-газ саласындағы сарапшылармен, сондай-ақ өңірлік атқарушы органдардың өкілдерімен ЭКСПО-да ұсынылған жаңа технологияларды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша кеңес өтті. Кеңесте биылғы жазда «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі табысты өткендігі атап өтілді. ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан» (Нұр-Әлем) ұлттық павильонын толтыруға, сондай-ақ көрменің тақырыптық іс-шараларын ұйымдастыруға белсенді қатысты. Сонымен қатар Энергетика министрлігі ЭКСПО көрмесінің халықаралық павильондарында ұсынылған жаңа технологияларды іс жүзінде іске асыру мәселесін қарастырып жатқандығы атап өтілді. Осыған орай Министрлікте ұлттық компаниялардың өкілдерінен, энергетиканың түрлі секторларындағы жетекші сарапшылардан, министрліктің және ведомстволық бағынысты құрылымдардың өкілдерінен құралған сарапшы жұмыс тобы құрылды. Сарапшы топ мынадай жұмыстар атқарды: - халықаралық павильондарда ұсынылған жаңа технологияларды бағалау жүргізілді; - Аустрия, Германия, Нидерланды, Испания, Англия, Ресей, Канада, Венгрия, Финляндия және басқа да елдерден алынған 105 технологиядан тұратын тізім жасалды. Ерекшеліктеріне сәйкес шетелдік павильондардың технологиялары төрт бағыт бойынша бөлінді: - мұнай және газ – 27 технология; - көмір және атом өнеркәсібі – 5 технология; - электр энергетикасы, энергияны үнемдеу және ЖЭК – 44 технология; - экология (қалдықтарды басқару, су тазалау, ауаның сапасын бақылау) – 29 технология. Сарапшылар жаңартылатын энергетика, энергия сақтау, «ақылды» желілерді салу қағидаттары, жылумен қамтамасыз ету және мұнай-газ секторларындағы энергиялық тиімділік, қалдықтарды басқару, зиянды шығарындыларды ұстау бағыттарындағы технологияларды ерекше атап өтті. Қазіргі уақытта аталған технологияларды жергілікті жерлерде енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмысқа кәсіпорындармен қатар жергілікті атқарушы органдар да ат салысуда. Жергілікті атқарушы органдар технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазіргі кезде өңірлердің әкімдіктері енгізу үшін 85 технология таңдап алды. Негізінде әкімдіктер ЖЭК-ті пайдалану бойынша технологияларды, энергия үнемдеуші және энергиялық тиімді технологияларды, тазалау және қалдықтарды басқару технологияларын таңдайды. Барлық өңірлердің әкімдіктерінде технологияларды иеленушілермен келіссөздер және ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалға, Атырау облысының әкімдігі ауа сапасы мониторингінің онлайн жүйесін құру бойынша «Visala Air Quality Transmitters AQT410 and AQT 420 WXT 530» компаниясымен келіссөздер жүргізуде (Финляндия). Қарағанды облысының әкімдігі қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Қарағанды облысының әкімдігі, SetCleanTech компаниясы (Финляндия) және «Қарағанды Эко-Сервис» ЖШС арасында үш жақты меморандумға қол қойды, сондай-ақ «Қарағанды қаласында қоқыс өңдеуші зауытты салу» жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жобаны іске асыруды бастаудың мерзімі – 2018 жылдың ақпаны. Алматы қаласының әкімдігі Грин Ресайкл ЖШС-мен бірлесіп Макпресс қоқыс сұрыптау саласындағы технологиясын енгізуде (Италия). Жобаны аяқтау мерзімі – 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы.
Сонымен бірге ҚР Энергетика министрлігі «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің («Жасампаз энергия» бөлімі) «Қазақстан» (Нұр-Әлем) ұлттық павильонын мазмұнды және тақырыптық толтыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізді. Отандық ғалымдардың 28 жобасын көпшілікке тарату және ақпараттық ілгерілету мақсатында Министрлік мынадай жұмыстар атқарды: • Ғалымдардың әзірлемелерімен ЭКСПО-ның роликтері Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде және Youtube видео хостингінде орналастырылған. • Отандық ғалымдар жобаларының тізімі байланыс ақпаратымен Министрліктің сайтында орналастырылған. • Ғалымдардың әзірлемелерімен ақпарат 170 ұлттық компания мен өңірлік әкімдіктерге технологияларды пайдалануды қарастыру үшін ресми хаттармен жолданды. Қазіргі уақытта әкімдіктер мен компаниялар кәсіпорындарында енгізу үшін отандық ғалымдардың жобаларын қарастыруда.
Белгілі болғандай, Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандындырылған көрмесінің жабылу салтанатында көрменің аумағында «Болашақ энергиясы» «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту бойынша Халықаралық орталық құрылатындығын мәлімдеді. Алғаш рет бұл бастаманы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында атап өткен болатын. Орталық ЭКСПО көрмесінің мұрасы ретінде және оны құру идеясы «жасыл» экономикаға көшуде инновациялық әдісті және озық әлемдік тәжірибені пайдалану арқылы Қазақстанның және Орталық Азия өңірінің потенциалын арттырудың ұзақ мерзімді стратегиясына негізделген. Орталық «жасыл экономиканың» жаңартылатын энергия көздері, экологиялық таза технологиялар және тұрақты даму секілді салаларын дамытуда қажетті тұрақты тіректі қалыптастыруға қолдау көрсету жолымен жасыл экономиға көшуді іс жүзінде жүзеге асыруға, сондай-ақ «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге жәрдемдеседі. Орталықтың негізгі міндеттері: - Энергетикалық секторды трансформациялау; - Тұрақты қала дамуы; - «Жасыл» бизнеске көшу; - Жасыл технологиялар мен озық тәжірибелерді трансфер және бейімдеу; - Жасыл қаржыны дамыту; - Жаңартылатын энергетиканы дамыту; - Жасыл өсудің потенциалын арттыру. Орталық жасыл технологияның трансферті бойынша елдердің өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, кеңес беру қызметтері, сараптама жүргізуді, жасыл қаржыландыру мәселелері бойынша кеңес беруді қоса алғанда технологияны таныстыру және оқытуды жүзеге асырады. Бұл «жасыл экономика» бойынша жобаларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Халықаралық орталықты институттандыру тұжырымдамасы ҚР Үкіметі жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңеспен мақұлданған. Халықаралық орталықты Үздік тәжірибелер аймағында орналастыру жоспарлануда.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
