Қыстық дизель отынының бағасын біз реттей алмаймыз – Қанат Бозымбаев
Елордадағы қорда көлемі 10 мың тонналық 18 күнге жететін дизель отыны қалды. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
Журналист Астана қаласында дизель отынының қоры аз, екі аптаға ғана жетеді деген ақпаратты естіп, қар тазалайтын жүк көлігінің жүргізушілері алаңдап отырғаны туралы сауал қойды. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қорда 18 күнге жететін дизель отыны бар екенін, ешқандай қауіптің жоқтығын атап өтті.
«Астанада қордағы дизель отыны 18 күнге жеткілікті, 10 мың тонна бар. Дизель отыны жетпейді деген ешқандай қауіп жоқ», - деді Қанат Бозымбаев.
Сонымен бірге ол қыстық дизельдің бағасын министрлік реттей алмайтынын айтты.
«Ешқандай реттеу жасай алмаймыз. Өйткені қазақстандық зауыттар қыстық дизель отынын шығармайды. Оны импорттаушы компаниялар Ресейден алып келеді. Олар сол жақтан сатып алады. Әрбір «заправка» 10-15 теңге қосады. Сонда бағасы 220-230 теңге көлемінде болады», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
