Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Баспасөз хабарламасы

Отын-энергетикалық кешені және экология мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің экология жөніндегі комиссиясы отырысына баспасөз хабарламасы

2017 жылдың 29 қарашасында Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешені және экология мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің экология жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Отырыста Қоғамдық кеңестің, Министрліктің өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдардың, БҰҰ даму жөніндегі бағдарламасының өкілдері қатысты. Қоғамдық кеңестің мүшелеріне экологиялық қауіпсіз дәрежесі бойынша ҚР өңірлерінің градация (дифференциация) жүйесі мен өңірлер үшін тұрғындардың өмір сүру деңгейінің кешенді «жасыл» көрсеткішінің моделі таныстырылды, «Экосфера» үкіметтік емес ұйымының «ҚР тұрғындары арасында негізделмеген «радио үрейлілік» деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды өткізу» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша есебі тыңдалды, ҚР аймағында ластанған учаскілерде ПШК орналасуы талдауы және ұсынылатын қайта қалпына келтіру әдістерінің бағасы ұсынылды, және «Жасыл» экономикаға көшу мәселелері бойынша заңнамалық жұмыстар бойынша Министрліктің алдағы жұмыстары бойынша мәселе қарастырылды. Отырыстың қорытындылары бойынша Экология жөніндегі комиссия «Экосфера» үкіметтік емес ұйымының «ҚР тұрғындары арасында негізделмеген «радио үрейлілік» деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды өткізу» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша есебін тыңдады, сондай-ақ Министрлікке ҚР аймағында ластанған учаскілерде ПШК орналасуын зерттеу бойынша зерттеу жұмыстарын қаржыландыру мүмкіндігі мәселесін қарастыру ұсынылған.

0
0
265

Осы тақырып бойынша

Баспасөз хабарламасы - Yvision.kz