Баспасөз хабарламасы
K4 және K5 экологиялық кластарындағы
автокөлік бензині мен дизель отынын шығаруға және айналымға көшу туралы пресс релиз.
Кеден одағының «Автомобильдік және авиациялық бензинге, дизельдік және теңіз отынына, авиациялық отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне сәйкес (ТР ТС 013/2011) «K4 және K5 экологиялық кластарындағы автокөлік бензині мен дизель отынын шығаруға және айналымға көшу Қазақстан Республикасының аумағында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады».
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін импорттайтын компанияларға К4 және К5 экологиялық кластарына сәйкес келетін мұнай өнімдерін импорттауды ұсынады.
Бұдан басқа, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап K4 және K5 экологиялық класстарының мұнай өнімдерін өндіру талаптары қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге де қатысты болып табылады.
