Баспасөз хабарламасы
2017 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Б.О. Ақшолақовтың төрағалығымен Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның (бұдан әрі – Салалық комиссия) 4-ші отырысы өтті. Отырыс барысында: - Салалық комисссия мүшелерінің қатысуымен Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында өткен семинар-кеңестердің қорытындылары тыңдалып, өңірлерде көтерілген мәселелер талқыланды; - 2018 жылдан бастап бірінші разрядты жұмыскердің айлық тарифтік мөлшерлемесінің (айлықақысының) ең төмен мөлшері жекелеген жұмыстарды орындау үшін келісім шартымен тартылатын ұйымдарды (объектілерді күзету, тамақтандыру, тұру, тазалау ұйымдарының қызметтері) қоспағанда Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес 1,2 коэффициентімен белгілеу жөнінде, сондай-ақ мұнай-газ саласында разрядаралық коэффиценттердің шекті мәндерін белгілеуге қатысты ұсыныстарды енгізу үшін жұмыс тобын құру туралы келісімге қол жеткізілді (жоғарыда көрсетілген өзгертулер 2017-2019 жылдарға арналған Салалық келісімге енгізілетін болады); - «KAZENERGY» қауымдастығымен әзірленген кәсіби стандарттарды әзірлеудің 2018-2020 жылдарға арналған алдын-ала жоспары келісілді. Осы отырысқа ҚР Энергетика министрлігінің, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің уәкілетті өкілдері, сондай-ақ мұнайгаз кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Салалық комиссия жұмысының нәтижелері мұнай-газ саласындағы жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек өзара қарым-қатынастарына оң нәтижесін тигізеді және еңбек ұжымдарындағы жаңдайды жақсартады деп күтілуде.
