Баспасөз хабарламасы
2017 жылдың 30 қарашасында Вена қ. (Австрия) ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) және мұнай картеліне мүше емес елдердің үшінші министрлер кездесуіне қатысады.
Аталған кездесу барысында 2016 жылы желтоқсан айында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына қабылданған Мұнай өндіру көлемін қысқарту бойынша келісімді бұдан әрі ұзарту ықтималдылығын талқылау жоспарланып отыр. Қазақстан мұнай өндіру көлемі тәулігіне 20 000 мың баррель құрайды деп келісімге қосылды.
2017 жылдың мамырында өткен екінші министрлер кездесуінде Келісімнің мерзімі 2018 жылдың 31 наурызына дейін ұзартылған болатын.
