Iskernews.kz порталы
@makala
Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!
рейтинг
100
жазбалар
389
пікір
1
тіркелуші
4
жазылымдар
4
рейтинг
100
жазбалар
389
пікір
1
тіркелуші
4
жазылымдар
4
Қырғыздар күшіне мінді

«Мемлекеттік тіл — менің тілім!» Республикалық форумы


ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Мемлекеттік тіл – менің тілім» Форумы 22 қыркүйекте Шымкент қаласында өткізіледі деп жоспарлануда. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)Таразда «Мерейлі отбасы» орталығы ашылды

Таразда Отбасы күніне ашылған «Мерейлі отбасы» орталығы қызметінің негізгі мақсаттары - ұлттық отбасылық дәстүрлерді сақтау, ұрпақтар сабақтастығы, неке институтына жауапты қатынасты тәрбиелеу болмақ.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында атап өткендей, Мемлекет басшысы бастамашы болған мереке - 2013 жылы Қазақстанның ресми күнтізбесінде пайда болған Отбасы күні біздің қоғамымыздағы отбасының мәртебесін көтеріп, кейбір батыс елдерінен келіп жатқан келеңсіз үрдістерге қарсы тұруға жәрдемдесуі тиіс. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
«Естайдың Қорланын» Әзірбайжанда көрсетеді
Қыркүйектің 9 мен 19 аралығында Шеки қаласында (Әзірбайжан) І Халықаралық театр фестивалі өтуізілуде. Аталмыш шараға Қазақстан атынан Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдердің қазақ мемлекеттік академиялық театры қатысады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

толығырақ оқу үшін: mtdi.kz
Кеден құжаты қазақ тіліне көшті
Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде мемлекеттік тілдің мәселесіне әрдайым көңіл бөлініп отырады. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін департамент тарапынан көптеген маңызды шаралар атқарылады. Атап айтқанда, Тіл туралы Заң талаптарын қалтқысыз орындау, құжаттар айналымының мемлекеттік тілдегі үлесін арттыру департаментте жүйелі жолға қойылған. Мәселен, 2014 жылдың ағымдағы қорытындыларын қарайтын болсақ, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 98 пайызға жетті. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш. Құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу, қазақ тіліне аудару сынды жұмыстарды атқару қызметшілерге жүктелген. Олардың сапасын тексеріп, әдістемелік көмектер көрсетіп отыру міндетін сарапшы маман жүзеге асырады. Мекеме қызметкерлері қазақ тіл…
Қымыз бен шұбат туралы заң керек

– Қымыз бен шұбат – халқымыздың байырғы сусыны. Ғасырлар бойы қасиетті жылқы мен түйе малын асырау, қымыз бен шұбат дайындау жөнінен халқымызда бай тәжірибе қалыптасқан. Ұлттық сусын денсаулыққа аса пайдалы: туберкулез, бауыр, асқазан, жүйке және иммундық жүйелердің, жүрек және қан-тамырларының дертіне дауа. Өкінішке қарай, кешегі Кеңес өкіметінің тұсында жылқы мен түйеге, олардан алынатын өнімге жасалған қиянат пен солақай саясаттың салдарынан қымыз бен шұбат өндіру ісі бәсеңдеп, ұмыт бола жаздады, – дейді сенатор Қуаныш Айтаханұлы. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
Вице-министр оқулықтан планшетке көшуді қолдайды
Оқулық тапшылығы проблемасын жою үшін толығымен электрондық оқулық форматына көшкен дұрыс. Бүгін Мәжілісте «Ақпараттандыру туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев осындай ұсыныс жасады. Тоқтала кететін жайт, таныстырылым барысында депутат Светлана Романовская еліміздің мектептерінде электрондық оқулықтар енгізу туралы пікірін вице-министрден сұраған. «Мен бұрыннан планшеттер мен электронды оқулықтарға көшудің уақыты келді деп санаймын. Менің кішкене балаларымның өзі мектепке толы чемоданмен барады. Ал оларға мектепте 2-3-ші қабаттарға көтерілуге тура келеді. Тіпті, отырып алып ойланасың, олар қалай көтеріледі? Сондықтан да, мен бұл мәселені әрқашанда қолдаймын. Осыны қашанда ілгерілете бермекпіз», - дейді А. Жұмағалиев. (жалғасы…
Қазақстанның мәдени саясаты тұжырымдамасы Ресейде талқыланды
2014 жылғы 9 және 12 қыркүйек аралығында Санкт-Петербургте «Музейлер және билік» атты Халықаралық конференция өткізілуде. Бірегей отырысқа 31 мемлекеттің 400-ге жуық жетекші мамандары жиналды. Қазақстан атынан Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов қатысуда. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Халықаралық конференцияны Музейлердің халықаралық кеңесі (Ресей ИКОМ), Санкт-Петербург қаласының үкіметі, Свердлов облысының үкіметі мен Ресей Федерациясының Президент Әкімшілігінің қолдауымен Ресей, Германия және АҚШ музей қауымдастығы ұйымдастырып отыр. «Музейлер және билік» тақырыбы ұжымдық жұмыс пен жергілікті қауымдастықтар мен келіп қараушылар арасындағы қарым-қатынаст…
Ономастика –әлемдік мәселе
Ономастика –әлемдік мәселе Тамыз айының 25-29 тамыз аралығында Шотландияның Глазго қаласында XXV Халықаралық ономастикалық конгресс өтіп, аталған конгреске еліміздің ономаст ғалымдары да қатысып қайтты. Олар А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ономастика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Қыздархан Рысберген және С.Демирель атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Нұрсәуле Рсалиева. Халықаралық дәрежедегі беделді жиынға қазақстандық ғалымдардың қатысуы еліміздің ономастика ғылымы үшін зор мәртебе екені сөзсіз. Бұл орайда ономаст ғалым Қыздархан Рысбергеннің сапар туралы жазған мақаласын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Кезекті XXV Халықаралық ономастикалық конгресс тамыз айының 25-29 аралығында Шотландияның Глазго қаласында өтті. Алғашқ…