Мазмұнға өту
makala

Iskernews.kz порталы

@makala

Сайтта 2014 ж. 17 ақпанКазахстан, Алматы

Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!

рейтинг

100

жазбалар

389

пікір

1

тіркелуші

4

жазылымдар

4

КСРО-ны көксегендер СССР атты балмұздақ шығара бастады

КСРО-ны көксегендер СССР атты балмұздақ шығара бастадыКСРО-ны көксегендер СССР атты балмұздақ шығара бастадыФото Skifnews.kz сайтынан алынды

Келмеске кеткен КСРО-ны көксегендер СССР атты балмұздақ шығара бастады, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы Skifnews сайтына сілтеме жасап.
Бұл балмұздақтар Астана қаласы дүкендерінде сатылымға шыққанына біраз уақыт өтіпті. Балмұздақтың қызыл қаптамасында «эскимо в шоколаде» және ірі әріптермен «СССР» деп жазылған. Сондай-ақ, «СССР» сөзінен соң балмұздақтың оң жақ бөлігінде КСРО-ның белгісі – орақ пен балға және бес жұлдыз бейнеленіпті.
Саяси пиғылдағы бұл балмұздақ Ресейдің Челябинск облысы, Троицк қаласында шығарылған. «РосФорст» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығы өндірген. Ол туралы тауар анықтамасында анық көрсетілген. Тұтынушылардың айтуынша, балмұздақтың бұл түрінің сатылымда жүргеніне біраз болыпты. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
1130

Еуропа жұрты неге Ресейден жасқанады?

Ресейге «Мистраль» кемелерін сатуға қарсы наразылық акциясына қатысқан қыз. Франция, Сент-Назер, 29 маусым 2014 жыл. Еуропа азаматтары Израильдің Газа секторын бомбалауына, электрондық бақылаудың күшеюіне қарсы шерулер өткізді. Бірақ олар Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне наразылық білдірмейді. Мұның себебі неде? Францияның Бретани аймағында тұратын Бернард Груа бұрын саясатқа қызықпайтын, шерулерге де қатыса бермейтін. Жыл басында Франция үкіметі Ресейдің Украинаға қатысты озбыр саясатына қарамастан Кремльге екі «Мистраль» әскери кемесін сату туралы шешім шығарғанда ол үйде тыныш отыра алмады. Содан бері 52 жастағы Груа бұл кемелерді Ресейге сатуға қарсы шерулер ұйымдастыруға кірісті. Франция президенті Франсуа Олландтың әскери кемелерді Ресейге жөнелту мәселесін кейінге қалдырғанына қар…

0
0
277

Қазақтілді БАҚ бірігуі керек

Өркен Кенжебек, журналист: «Біз ақпараттық саясатта неге ұтылып жатырмыз?!» деген сұрақтың жауабы бірнеше факторға байланысты. Мәселен, Руперт Мэрдок деген әлемнің телемагнатының жетпісінші жылдары құрастырып шығарған «SSS» деген шаблоны бар. Яғни әлемдік коммерциялық масс медиа өз көрерменіне «Сенсация (скандал). Спорт. С...» сынды үш нәрсені ұтымды бере алса болғаны, қажетіне жетеді деген жаңалық ашқан болатын. «Иттің адамды қабатын емес, адам итті қауып алды» дейтін бірінші аталған сенсация мен айқай-шуға (скандал) толы ақпаратты беруде біз жетістікке жеттік. Мэрдок атаған екінші тарап – «Спорт». Бүгінде «аладопқа тел­мір­ген әлем», «Реалфан», «Бар­са­фан», «спорт деген сиқыр» дей ке­ле, бұл жағынан да қажет дү­ниені керегінше қамтыдық. Яғни халықтың әлсіз тұсын масс медиа осы спорт та…

0
0
317

Әдебиет әлсіз емес, мәселе — қоғамда

Мархабат БАЙҒҰТ, жазушы: – Кезінде кеңес өкіметі тұсында идеологияға айрықша қызмет еткен саланың бірі әдебиет болды. Әде­биет­ке арқа сүйеген социалистік жү­йе тек қана пайдасын көргені бол­маса, одан залал шеккен жоқ. Ал енді бүгінгі таңда қатыгезденіп ба­ра жатқан қоғамның жүрегін жі­біту­ге келгенде әдебиет неге әлсіз­дік танытуда? Не себепті? – Әдебиет әлсізденді дей ал­май­мын. Қоғамыңызда да, ада­мыңыз­да да әдебиетіңізді түсі­не­тіндей түйсік, ұғынатындай сезім­тал­дық, демек, жібитіндей жүрек бар ма? Гәп пен кеп осында. Қо­ға­мыңыздың да, адамыңыздың да жү­ректері тек ақшаға ғана жі­би­тіндей. Басқа Құдайға емес, «Ақ­ша-Құдайға» бас ұруға көшіп кет­тік. Әдебиет әлсізденген жоқ, әде­биетті әдейілеп әлсіздендірдік. Оның себебі толып жатыр. Олар­ды да айтып, жазып жүрміз ғой, қай­та…

0
0
284

Тәуелді ақпарат, үнсіз билік... Ресей қазақтың ұлтшылдығынан ғана именеді

Бүгінгі күні еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі қаншалықты дәрежеде қамтамасыз етілуде? Ресей Президенті Владимир Путиннің Селигердегі жастармен кездесуінен кейін осы сұрақтың өзектілігі артқандығы байқалады.
Біріншіден, Путиннің көрші мемлекеттердің тарихынан ештеңе білмейтіндігі таң қалдырады. Путин кәсіби тарихшы емес, оның өзге елдердің тарихын білуі міндетті де емес шығар. Алайда бұл орыс және шет тілдерінде Қазақ мемлекеттігіне қатысты ақпараттың аздығын немесе мардымсыздығын көрсетпейді ме? Біз өзіміз ақпаратты әлемнің әртүрлі бөлігінен алу мүмкіндігіне иеміз. Ал біз туралы толыққанды ақпараттың бар жоғына осы уақытқа дейін назар аудармай келе жатыр екенбіз. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
409

Ресейдің 15 телеарнасына тыйым салынды

alt
Ресейдің 15 телеарнасы Украина аумағында көрсетілмейтін болды. Елдің телевидение және радио хабарларын тарату ұлттық кеңесі тыйым салынған арналар тізімін өз сайтында жариялады.
Қара тізімге енген арналар арасында Ресейдің "Бірінші арнасы", "РТР-Планета", "НТВ-Мир", "Россия-24", "Рен ТВ", "РБК", "Russia Today" тіпті, "История" телеарнасы да бар.
ОБСЕ ұйымының БАҚ бостандығы бойынша, өкілі Дунья Миятович трансляцияларға тыйым салу, сөз бостандығына қарсы шығу деп атап өтті. Оның айтуынша, ұлттық қауіпсіздік мәселесі, БАҚ бостандығына кері әсер етпеуі тиіс. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
344

Қаламы қаржы тапқандар

alt
Forbes журналы әлемдегі табысы ең көп жазушылардың тізімін жариялады.
Рейтингте бірінші орында детектив жанрындағы романдар авторы америкалық Джеймс Паттерсон, ол соңғы 12 айдың ішінде 90 млн. доллар табыс тапқан.
Екінші орында, америкалық - Дэн Браун. Ол өткен жылы 28 млн. доллар тапқан. Оның соңғы «Инферно» атты кітабы АҚШ-та 1,4 млн. тиражбен тарады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, осы роман желісінде кино түсіріледі.
Үшінші орында да америкалық жазушы Нора Робертс. Ол көбіне лирикалық, детектив жанрында жазады. Оның кірісі 23 млн. доллар. Төртінші орында да махаббат тақырыбында жазатын Даниэлла Стилл, оның табысы 22 млн. доллар болса, үздік бестікке америка жазушысы Джанет Иванович кірген, оның табысы 20 млн. долларға бағаланған - ҚазАқпарат. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
338

Қазақ тілі банкке неге бас сұға алмайды?

Оралдық банкирлер қазақ тілінде әдейі қызмет көрсетпейді деп айыпталды. Ұлттық банктің Батыс Қазақстан облыстық филиалы жергілікті банк қызметкерлеріне қазақ тіліне бейжай қарап, мемлекеттік тілде қызмет көрсетпегені үшін жиналыс ашты. Бұл туралы "Уральская неделя" газетіне сілтеме жасай отырып NUR.KZ хабарлайды. Қазақ тіліне байланысты жиналысқа жергілікті "Орал өңірі" газетінің журналисі жасаған тәжірибе түрткі болған. Ол қаладағы банктердің барлығына барып көріп, көпшілік қызметкерлердің қазақ тілінде сөйлемейтінін жазыпты. Одан бөлек, "Халық банк" пен "Каспи банктің" операциялар орындалатын залында электронды кезекке тұрудағы талон мен банкоматтағы түбіртектер орыс тілінде басылатыны көрсетілген. Осыдан соң, Ұлттық банктің Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Ғалия Сатыбалдина…

0
0
417

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды

altaltalt

Қырғызстанның Чолпан Ата қаласында дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды деп хабарлайды Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі. Салтанатты шараның ашылуына Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен бірге Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Ресей сынды бірқатар елден келген құрметті меймандар қатысуда. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
365