Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ономастика –әлемдік мәселе

Ономастика –әлемдік мәселе


Шетелддддд копия Тамыз айының 25-29 тамыз аралығында Шотландияның Глазго қаласында XXV Халықаралық ономастикалық конгресс өтіп, аталған конгреске еліміздің ономаст ғалымдары да қатысып қайтты.  Олар  А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ономастика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Қыздархан Рысберген және  С.Демирель атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Нұрсәуле Рсалиева. Халықаралық дәрежедегі беделді жиынға қазақстандық ғалымдардың қатысуы еліміздің ономастика ғылымы үшін зор мәртебе екені сөзсіз. Бұл орайда ономаст ғалым Қыздархан Рысбергеннің сапар туралы жазған мақаласын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Кезекті XXV Халықаралық ономастика­лық конгресс тамыз айының 25-29 ара­лығында Шотландияның Глазго қаласында өтті.  Алғашқы конгресс сонау 1938 жылы Париж қаласында ұйымдас­тырылған болса, содан бері бұл Халықаралық конгресс араға үш жыл салып Еуропаның Лондон, Лейпциг, Хельсинки, Барселона, Вена және т.б. қалаларының ірі ғылыми орталықтарында өткізіліп келеді. Биыл Қазақстан ономастикасының табыстарын  әлем ономаст ғалымдарының алдында  баяндау үшін біз С.Демирель атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Нұрсәуле Рсалиева екеуіміз Шотландия еліне іссапарға шықтық. Алқалы ғылыми басқосуға әлемнің 47 елінен (Еуропаның барлық дерлік мемлекеттері, АҚШ, Африка, Австралия, Араб елдері, Мексика, Бразилия, Канада, Жапония, Сингапур және т.б.) келген ғалымдар қатысты. Бес күн бойы жалғасқан жиында 200-ден астам баяндама тыңдалды. Біздің бұл сапарға баруымыз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің ғылыми гранты арқылы жүзеге асты. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
 
0
0
834

Осы тақырып бойынша

Ономастика –әлемдік мәселе - Yvision.kz