Таразда «Мерейлі отбасы» орталығы ашылды

Таразда Отбасы күніне ашылған «Мерейлі отбасы» орталығы қызметінің негізгі мақсаттары - ұлттық отбасылық дәстүрлерді сақтау, ұрпақтар сабақтастығы, неке институтына жауапты қатынасты тәрбиелеу болмақ.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында атап өткендей, Мемлекет басшысы бастамашы болған мереке - 2013 жылы Қазақстанның ресми күнтізбесінде пайда болған Отбасы күні біздің қоғамымыздағы отбасының мәртебесін көтеріп, кейбір батыс елдерінен келіп жатқан келеңсіз үрдістерге қарсы тұруға жәрдемдесуі тиіс. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
