Мазмұнға өту
makala

Iskernews.kz порталы

@makala

Сайтта 2014 ж. 17 ақпанКазахстан, Алматы

Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!

рейтинг

100

жазбалар

389

пікір

1

тіркелуші

4

жазылымдар

4

Қазақстанда мультфильмнің дамуына телеарналардың тосқауыл қоюы кедергі жасайды

Биыл отандық мультиктердің саны артты. «Қазақфильм» жылына алты қысқаметражды мультфильмдер шығаруда. Сонымен қатар, келер айда мұрағат балаларға арналған тоғыз видео ертегілермен толығады. Бұл туралы Almaty.tv тілшісіне анимациялық кино режиссері Жәкен Даненов мәлімдеді.

«Өкінішке орай, біз бір жылда екі сағаттық қысқаметражды мультфильмдерді жасаймыз – бұл өте аз. Мысалы, Ресейді алатын болсақ, оларда 200, Қытайда 3000 сағаттық шығады. Егер жақын елдермен салыстырсақ, мультипликация бойынша бізде жақсы көрсеткіш анықталды. Бірақ айта кетсек, біз өндірістің деңгейін көтеруіміз қажет», - деді Даненов. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
430

Өзім ноғай болсам да, қазақ үшін мақтанамын

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына еліміздегі барлық этностар өкілдері қатысты десек, артық айтқандық болмас. Көпшілігінің үстеріне киген ұлттық киімдері айналаға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қызылды, жасылды бояу түстері көктемгі даланың сұлу дидарын көз алдыңызға әкелгендей. Үндестік пен сыйластық орнаған, ыстық ықыласты дос пейілде: жүректерді лүпілдеткен сессияға осындай қатысушының бірі – ноғай этномәдени бірлестігінің мүшесі Арсланбек СҰЛТАНБЕКОВТІ әңгімеге тартқан едік. – Арсланбек, сіздің бірер рет Қарға бойлы Қазтуған, Шалкиіз жырауларды көне сарындарға салып, ноғай тілінде айтып жүргеніңізді естігенім бар. Түбі бір жұрт екеніміз, сіз жырлайтын жыраулардың біздің де қасиет тұтып, құндар асылдарымыз екені анық. Енді осы ортақ құндылықтар мен айырмашылықтарымыз турасы…

0
0
567

Қытайда Абай институты құрылса, қуанар едік

Бізді ҚХР-дың денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қамтамасыз ету жағынан жинаған мол тәжірибесі, сондай-ақ дамуы мен қалыптасқан мәселелерді шешу жолы қызықтырады.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева бастаған делегация Қытайға басталған сапардың алғашқы күнінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Қытайдың шетелдермен достық қоғамы (ҚШДҚ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Құжатқа Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов пен ҚШДҚ төрағасының орынбасары Ли Цзяньпин қол 1954 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жатқан Қытайдың шет елдермен достық қоғамы (ҚШДҚ) әлемнің 120 еліндегі 370 қоғамдық бірлестіктермен әріптестік байланыс орнатқанын айта кету керек. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
419

Ұлттық идеология – күллі қазақты біріктіретін қазақ тілі

Айдос Жұқанұлы

"Кешириниз. Мен орыс мектебин битиргем. Орысша сойлей берейин", – десе ол қазақ.

"Мен тек төте жазумен немесе қытай иероглифімен жазайын. Қытайша оқыған едім", – десе ол қазақ.


"Кечир. Мен Ускаманда тугам. Орысча сойлей берейин", – десе ол қазақ.

"Узбекчо йазша бола мы. Паспортымо до узбек деп йазган-ды", – десе ол қазақ.

Осылай бәріміз тіл үйренуге деген жалқаулығымызды жасырып, тіреліп тұрып алсақ?!

Меніңше, ұлттық идеология – күллі қазақты біріктіретін қазақ тілі. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
1065

Оңтүстік жұрты Ұлықбек ақынды ұлықтады

Қазақтың заңғар ақыны Жұмекен Нәжiмеденов «Туған жер» атты өлеңiнде:«...Отанның қай жерiне де күн мен ауа тарайды, Қай төбенiң аспаны да арайлы, Қай төбе де, туған жер, мақтануға жарайды», — деп жырлаған едi. Сол айтқандай, байтақ даламыздың әр өңiрi қазақ үшiн туған жер саналмақ. Оған шырайлы Шымкентте өткен ақын Ұлықбек Есдәулеттiң 60 жылдық мерейтойы куә. Әуелi облыстық «Отырар» кiтапханасында өткен оқырмандармен кездесуде аға буын әдебиет өкiлдерi алпысты еңсерген Ұлықбек Оразбайұлының шығармашылығына тоқталып, арнау өлең жазса да өзгеше сарында, яғни адамның аты-жөнiн қолданбайтынына таңданысты. Кездесуде жастар көкейде жүрген сауалдарына жауап алып, қаламгердiң өлеңдерiн жатқа оқыды. Өз кезегiнде мерейтой иесi кездесудi ұйымдастырған «Отырар» кiтапханасына туындыларын сыйға тартты.…

0
0
635

Қазақ жеріне казактар қалай келді?

Түркістан өлкесін тұтас отарлап, билікті қолға алғаннан кейін Ресей бұл жердегі түркі халықтарын мәңгі бодандық бұғауда ұстаудың саяси-әлеуметтік жолдарын қарастыра бастады. Патша отаршылары бұл халықтарды жаулап алғанға дейін әртүрлі мақсат көздеген арнаулы экспедициялар жіберу арқылы жан-жақты зерттеп біліп, отарлаудың қандай айла-тәсілдерін қолдану жолдарын да анықтап алған еді. Ресейге бодан болған халықтардың ішінде ең саны көбі де әрі жер көлемі зоры да қазақтар болуы себепті отаршылдар бұл халыққа ерекше көңіл бөлді. Өйткені қазақ жерін бір жарым ғасырда әрең бағындырған Ресей империясы ұлттық санасы күшті, жауынгер, көшпелі өмір бесігінде тербеліп шыныққан, ұлттық рухы жоғары қазақтарға алдымен назар аударып, олардың көшпелі өмір қалыптастырған тұрмыстық қалпын бүлдіріп, ұлттық ті…

0
0
452

Алағаштың жұлдызы

Суфизм ұстаздарының бірі Зуннун Мысыри «Жай адам өзінің күнәларын кешіруді сұрайды, тек таңдаулылары ғана өзінің абайсыздығы үшін тәңіріне жалбарынады»,-дейді. Мен сөз еткелі отырған кейіпкерім кешірім де сұрайды, тәңіріне де жалбарынады.

Шығарма атауы «Маңдайдағы жұлдызым». Авторы Мехмет Алағаш. Оқығаныма ұзақ уақыт өтсе де, әсері бұрынғысынша. Аталған шығарманы жекелеп алып қарар болсақ, мұның өзі бір төбе. Бірнеше рет оқудан жалыққан емеспін. Алар әсерім: өмірдегі, санадағы жақсылық пен жамандық атаулыны ұмытып, «вакум» ішіне еніп кеткендей күйде боламын... (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
370

Біздің шырқымызды Азарлар да, жылпылдақ «медузалар» да бұза алмайды!

Бірнеше күн бұрын «Медуза» деп аталатын сайтта «Өскемен халықтық республикасы. Қазақстанда орыстар «сыпайы адамдарды» күте ме?: Илья Азардың репортажы» атты мақала жарияланып, шу болған. Мақалада Қазақстанның шығысында Украинадағыдай сепаратистік «Өскемен халықтық республикасы» құрылуы мүмкін, ондағы орыс-славян ұйымдары Ресейден көмек күтіп отыр деген болжамды ой айтылған. Мақала авторы Илья Азар мұндай тұжырымды Өскемендегі орыс-славян ұйымдарының басшыларымен болған кездесуден кейін жасағанын айтады. Бірақ, бір-екі күн өтпей-ақ, орыс-славян ұйымдары «Өскемен халықтық республикасынан» бастарын ала қашты. Төменде сол мәлімдемені жариялап отырмыз. Біздің бірлігімізді ешқандай арандатушылық бұза алмайды! Кейінгі уақытта ғаламтор кеңістігінде Қазақстан халқына қатысты арандатушылық пиғылдағ…

0
0
674

Илья Азардың репортажы — 2

Орыстілді ғаламторды шарлап жүрген журналист Илья Азардың репортажын тілімізге тәржімалап қойғанымызды айтқанбыз. Бастапқы тарауын жария да еткенбіз: http://abai.kz/post/view?id=1997 Еліміздің Шығыс өлкесіне өзінше «саяхат» жасаған ол ШҚО-ны орыс жері, Ресейдің Алтайдағы аймағының бір пұшпағы деп жазады. Азардың репортажын жариялаудағы мақсатымыз – ел ішінде алакөбең көңіл күй тудыру емес, ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне мән бермейтін биліктің назарын аударту екендігін қайталап еске саламыз. ОРЫС ТІЛІНІҢ ПРОБЛЕМАСЫ Шығыс Қазақстандағы орыстарды алаңдататын тағы бір мәселе – жер-су атауларының қазақша атауларға алмастырылғаны екен. Мәселен, Усть-Каменегорск қаласын қазақтар Өскемен деп атайды. «Ол орысша атауға тілі келмеген адамның шығарғаны, ешбір мағынасы жоқ қой» дейді «Русский мир»…

0
0
156

Отыз томдық сөздік жүз томдық «Бабалар сөзіне» «теңтүпнұсқалық» бола ала ма?

Педагогикалық ғылымдар академиясы ғылым мен техника, экономика мен мәдениеттің барлық салаларын қамтыған отыз томдық ғылыми салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасын дайындап, халықтың талқысына ұсынған екен. Әр сала бойынша әзірленіп жатқан сөздіктер жайлы бұрын естісем де, академия сайтында тұрғанын талқылауға берілген уақыт бітуге екі күн қалғанда ғана көрдім. Тек «Іс жүргізу және мұрағаттық іс» сөздігінің бастапқы беттерін бірер сағатта, әр-әр жерін шолып қарауға ғана шамам жетті.Неге екенін қайдам, «Бабалар сөзінің» ізін баса шығатын 30 томдық сөздіктің де сапасы артып, еңсеміз бір көтеріліп қалардай көрінген. Алайда, «а» деп бастағаннан, басқасын кім білсін, осы №28-томның тілі уызына жарымаған арық-тұрақтай қисалаңдап, көңіл құлазытып сала берді.Ау…

0
0
569