Отыз томдық сөздік жүз томдық «Бабалар сөзіне» «теңтүпнұсқалық» бола ала ма?

Педагогикалық ғылымдар академиясы ғылым мен техника, экономика мен мәдениеттің барлық салаларын қамтыған отыз томдық ғылыми салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасын дайындап, халықтың талқысына ұсынған екен. Әр сала бойынша әзірленіп жатқан сөздіктер жайлы бұрын естісем де, академия сайтында тұрғанын талқылауға берілген уақыт бітуге екі күн қалғанда ғана көрдім. Тек «Іс жүргізу және мұрағаттық іс» сөздігінің бастапқы беттерін бірер сағатта, әр-әр жерін шолып қарауға ғана шамам жетті.Неге екенін қайдам, «Бабалар сөзінің» ізін баса шығатын 30 томдық сөздіктің де сапасы артып, еңсеміз бір көтеріліп қалардай көрінген. Алайда, «а» деп бастағаннан, басқасын кім білсін, осы №28-томның тілі уызына жарымаған арық-тұрақтай қисалаңдап, көңіл құлазытып сала берді.
Ау, біз тамсанып, «темірқазық» етіп алып отырған орысша ресми тіл де бір кезде жазуымен қатар пайда болып, көсіле шаппағаны анық қой. Ол да осы жолмен жетілген, оның дамуына да бүкіл ел үлес қосқан, оның ішінде өзге ұлт өкілі ретінде қазақтардың да орны ерекше болғаны өтірік емес. Енді келіп «өзім» дегендегі өнеріміз осы болса, дәп осы сөздіктердің ішінде іс жүргізуге қатысты томды баспадан шығаруға асықпаған жөн болар еді деп ойлаймын, себебі: (жалғасы мұнда: mtdi.kz)