Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Илья Азардың репортажы — 2

Орыстілді ғаламторды шарлап жүрген журналист Илья Азардың репортажын тілімізге тәржімалап қойғанымызды айтқанбыз. Бастапқы тарауын жария да еткенбіз: http://abai.kz/post/view?id=1997 Еліміздің Шығыс өлкесіне өзінше «саяхат» жасаған ол ШҚО-ны орыс жері, Ресейдің Алтайдағы аймағының бір пұшпағы деп жазады. Азардың репортажын жариялаудағы мақсатымыз – ел ішінде алакөбең көңіл күй тудыру емес, ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне мән бермейтін биліктің назарын аударту екендігін қайталап еске саламыз.

 

ОРЫС ТІЛІНІҢ ПРОБЛЕМАСЫ

 

Шығыс Қазақстандағы орыстарды алаңдататын тағы бір мәселе – жер-су атауларының қазақша атауларға алмастырылғаны екен. Мәселен, Усть-Каменегорск қаласын қазақтар Өскемен деп атайды.

«Ол орысша атауға тілі келмеген адамның шығарғаны, ешбір мағынасы жоқ қой» дейді «Русский мир» бірлестігінің өкілі Плахотин.

Google картасы және «Яндексте» Өскемен әлі орысша аталса, көршілес  Семипалатинск — енді тек қана Семей деп аталады. «Олар тіпті ең көне орыс мекені Фыкалканы Бекалқа деп алмастырды, ал, оның нені білдіретін ешкім де білмейді», — деп мұңын шағады орыс бірлестігінің төрағасы Масленников. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 

0
0
155

Осы тақырып бойынша