Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ жеріне казактар қалай келді?

Қазақ жеріне казактар қалай келді?

Түркістан өлкесін тұтас отарлап, билікті қолға алғаннан кейін Ресей бұл жердегі түркі халықтарын мәңгі бодандық бұғауда ұстаудың саяси-әлеуметтік жолдарын қарастыра бастады. Патша отаршылары бұл халықтарды жаулап алғанға дейін әртүрлі мақсат көздеген арнаулы экспедициялар жіберу арқылы жан-жақты зерттеп біліп, отарлаудың қандай айла-тәсілдерін қолдану жолдарын да анықтап алған еді. Ресейге бодан болған халықтардың ішінде ең саны көбі де әрі жер көлемі зоры да қазақтар болуы себепті отаршылдар бұл халыққа ерекше көңіл бөлді. Өйткені қазақ жерін бір жарым ғасырда әрең бағындырған Ресей империясы ұлттық санасы күшті, жауынгер, көшпелі өмір бесігінде тербеліп шыныққан, ұлттық рухы жоғары қазақтарға алдымен назар аударып, олардың көшпелі өмір қалыптастырған тұрмыстық қалпын бүлдіріп, ұлттық тілін өзгертіп, орыстандырып жіберу саясатын саналы, жоспарлы түрде жүргізуді қолға алды. Отарланған барлық түркі халықтарын мәңгі рухани құлдықта ұстау үшін, алдымен қазақтарды рухани жағынан шөктіріп, шамалары келсе, оларды аспай-саспай жер бетінен біртіндеп жоғалтуды да көздеді.


Шыңғыс хан заманасында айтады екен: «Құлаш бойым құласа да, тіккен туым құла­масын», міне, ендігі тілек – осы. Қазақ хал­қы құрып кетуден аман қалды, генофондын сақтады, ғасырлық үмітін ақтады, түркі ха­лық­тарының қатарына қосылды, әлемдік қауымға, терезесі тең халықтар қауымына мүше болды. Тәуелсіздіктің тарихи тамырларына зер салып қарасақ, көкейде көптен жүрген тарихи шежіреге қайта оралуға тура келеді. Мұндағы мақсатымыз отарлау сая­сатының ойрандары халқымызға қанша­лықты қасірет пен қайғы, азап пен тозақ әкелгенін електен өткізе отырып, шырыл­даған шындықты жұртқа, әсіресе жас ұрпақ санасына жеткізу. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 

0
0
453

Осы тақырып бойынша

Қазақ жеріне казактар қалай келді? - Yvision.kz